basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЖАС САРБАЗДАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Қараша 17, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЖАС САРБАЗДАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Қарулы Күштерінің мәртебесі мен имиджін көтеруге және жастарға әскери қызметті насихаттау мақсатында Түркістан облысынан ҚР Ұлттық Ұлан әскери бөлімдеріне жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Іс-шараға Түркістан облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов, Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев, Түркістан қаласы мен Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы полковник Дилмурад Нұржанов, «Таулы Қарабахтағы соғыс қимылдарына қатысқан ардагерлер мен мүгедектерінің» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша төрағасы Махмуд Дәрібаев және 6506 әскери бөлімінің Тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бастығы майор Арман Утенов қатысты.
Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев өз сөзінде ер-азаматтар арасында әскерге баруға деген үлкен ұмтылыс пен патриотизмнің бар екенін атап өтті.
– Өз еліңнің патриоты болу, оны қорғау – әр азаматтың Отан алдындағы абыройлы міндеті, қасиетті борышы! Ер-азамат сарбаз болып сапқа тұрып Отан алдында адал болу үшін ант беру аса маңызды сәт. Барлық әскерге аттанған жас сарбаздарды антына адал, сертке берік болып, әскери міндетті мінсіз атқаруына тілектеспін, – дейді ұлын әскерге жіберіп тұрған әкелердің бірі.
Іс-шара соңында ҚР Ұлттық Ұланы 6506 әскери бөлімінің оркестрі және Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздар ұжымы әскерге шақырылушыларға арналған концерттік бағдарламасын тарту етті.
Айта кетсек, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Стамбеков сарбаздарға кредит беруге тыйым салуды ұсынды.

«Әскери қызметшілерге келсек, кредит алуға мораторий енгізуді ұсынамыз. Бұл жерде мәселе сарбаздарға қатысты болып отыр. Яғни, біз мерзімді қызмет сарбаздарына несие беруге толық тыйым салғымыз келеді. Неге? Сарбазға әскери міндетін өтеп жүргенде мәжбүрлеп кредит алғызу фактілері бар. Біз әскер сарбаздарды тиісті деңгейде қамтып отыр деп сенеміз.

Сондықтан олардың кредит алуына негіз жоқ», – деді Ерлан Стамбеков БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Айта кетейік, заң шығару қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» және «Кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша Үкіметтің қорытындылары талқыланды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАР КӨМІРМЕН ТІКЕЛЕЙ ӨНДІРУШІДЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 67 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі