basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МӘМС ЕСЕБІНЕН 2 МЫҢНАН АСТАМ ОТАНЫ ТЕГІН ЖАСАТҚАН

Қараша 17, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МӘМС ЕСЕБІНЕН 2 МЫҢНАН АСТАМ ОТАНЫ ТЕГІН ЖАСАТҚАН
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Нұрлан Қыдырбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2023 жылы Түркістан облысының денсаулық сақтау саласының бюджеті – 212,2 млрд. теңгені құраған. Оның 104,8 млрд. теңгесі – кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне, 98,4 млрд. теңгесі –МӘМС пакетіне тиесілі. Қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға артқан.
– Медицинаны мемлекет тарапынан қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Мысалы, биылғы жылы медициналық сақтандырылған түркістандықтарға көрсетілген шұғыл көмекке 8,5 млрд. теңге жұмсалған. Сондай-ақ, қосымша қарастырылған қаржы есебінен Түркістан облысының тұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтерге 102,9 млрд теңге төленді. Шығынның басым бөлігі – консультативтік-диагностикалық қызметтерге, стационарлық медициналық көмекке, ауыл тұрғындарына стационарлық және стационарды алмастыратын көмектерге төленген. Одан бөлек, 75 мыңнан астам КТ жасалып, 86 мыңнан астам МРТ қызметіне Қор филиалы 1,3 млн теңге бөлді. Бүгінде емделушілер тарапынан үлкен сұранысқа ие қызметтің бірі – медициналық оңалту, оған 6,1 млн теңге жұмсалды, – деді Нұрлан Икрамұлы.
Сонымен қатар, биыл Түркістан облысында жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын оталарға 5,7 млрд теңге жұмсалған. Атап айтқанда, 1 476 кардиохирургиялық және 612 нейрохирургиялық ота жасалып, 2 бүйрек алмастырылған.
Айта кетсек, 2023 жылы емделушілерді тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтуға 16,6 млрд. теңге бөлінген болатын. Бірінші жартыжылдықта 10,6 млрд. теңгеден астам қаржыға рецепт бойынша тегін дәрі беріліп, 59 түрлі дерт бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастарға үлестірілген.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 67 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА БЕКЖІГІТ СЕРДӘЛІНІҢ «АУЫЛ ЖАТЫР ТОЙ ЖАСАП» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі