basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА САЙЫС ӨТІП ЖАТЫР

Қараша 17, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА САЙЫС ӨТІП ЖАТЫР
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің 30 жылдығына орай Түркістан облысының қаржы саласындағы қызметкерлері арасында спорттық, интеллектуалды және музыкалық сайыс өтіп жатыр.
13 қарашадан басталған сайыс үш күнге жалғасып, өзара мықтылар анықталды. Алғашқы күні «Turkestan-arena» спорт кешені стритбол ойынына қатысушы командалар арасында жеребе тарту рәсімі өтіп, оған команда атынан 1 өкіл қатысты. Содан соң Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спорт залында 3 негізгі, 2 қосалқы ойыншыдан тұратын қатысушы командалар арасында жарыс өтті.
Екінші күні қазақша куиз командалар арасында интеллектуалды жарыс өтті. Әр команда 5 ойыншыдан құралып, «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің кіші залында бақ сынады. Үшінші күнінде қаржы саласы қызметкерлерін салтанатты түрде құттықтау шарасында музыкалық сайыс өтіп, аталған үш жанр бойынша жеңімпаздар марапатталады деп күтілуде.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Түркістан облысында негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсім сақталды. Бірқатар салада көрсеткіш жақсара түскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 680,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,7%-ды құрады. Өңірдің экономикалық дамуы облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 13 индикаторды орындау бойынша көш соңында қалған әкімдерге жұмысты ширатуды тапсырды. «Аудан, қала әкімдері экономикалық көрсеткіштерді жақсарту бағытындағы индикаторларды 100 пайыз орындауы тиіс. Жауапты басқарма мен әкімдіктер тығыз байланыста жұмыс істесін. Әсіресе, жаңа жұмыс орындары мен зауыттар, кәсіпорындар ашуға басымдық берілсін. Құрылыс, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы жұмыстар күшейтілгені жөн. Әр экономикалық көрсеткіштер туралы сандардың артында тұрғындардың, өңірдің әлеуметтік мәселесі тұр», – деді Дархан Сатыбалды. Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, бекітілген 13 индикатор бойынша әкімдердің рейтингі шығарылған. Әр сала бойынша тұрақты бақылау жүргізілуде. Жалпы, өңірдегі көрсеткіштер жоспарға сай орындалған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 802,6 млрд. теңгені, немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,8%-ды құрады. Ет, сүт және жұмыртқа өндірісі орташа есеппен 2,4%-ға артты. Инвестиция көлемі 661,6 млрд. теңгені құрап, былтырмен салыстырғанда өсім 36,5%-ды құрады. Жеке инвестициялар 469,3 млрд. теңгеге жетті немесе 1,7 есеге артты. Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 230,8 млрд. теңгені құрады. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы 7,1%-ға артып, 669,4 мың шаршы метр үй тапсырылды.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА БЕКЖІГІТ СЕРДӘЛІНІҢ «АУЫЛ ЖАТЫР ТОЙ ЖАСАП» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Next Post

АРМАН СӘБИТОВ: ЕЛІМІЗДІҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫНА САЙРАМДЫҚ АНАЛАРДЫҢ ДА ҮЛЕСІ ЗОР

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі