basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚ: 14 ҚАРАША КҮНІ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН СӘБИЛЕРДІҢ АНАЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қараша 17, 2023
in Жаңалықтар
0
СОЗАҚ: 14 ҚАРАША КҮНІ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН СӘБИЛЕРДІҢ АНАЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылдың 14 қарашасында Қазақстанда халық саны 20 милллионға жетіп, тарихи оқиға тіркелді. Осы ретте аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков орталық ауруханаға арнайы барып, 14 қараша күні дүние есігін ашқан сәбилердің аналарын құттықтады.
Бүгін еліміз үшін тарихи күн орын алды. Халық саны 20 миллионға жетті. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген Сіздердің бойларыңызда нәзіктік пен сұлулық, ақыл мен парасат, төзімділік пен өрлік секілді қасиеттер үндесе үйлесіп жатады. Әрдайым шат-шадыман күй кешіп, отбасының, Отанның мерейін үстем етулеріңізге тілектеспін. Сәбилердің денсаулығы мықты, өмір жастары ұзақ болсын,-деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы сәбилердің аналарына арнайы алғыс хат пен сый-сияпат табыс етіп, құрмет көрсетті.
Айта кетейік, 13-ші қарашадан 14-не қараған түні аудандық орталық ауруханада Ерсенұлы Хансұлтан, Жарқынбек Асылым және Ізетулла Сұлтан есімді үш нәресте дүниеге келді.
Жалпы демография динамикасына сәйкес, тәуелсіздік алған жылы Қазақстан халқының саны 16,4 миллион адамды құрады. Содан бері ел халқының саны 22-ден астам пайызға өсті. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, өңірлер бойынша халықтың ең көп өсуі Шымкент қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалды – 22-24%.

«Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихында бала туудың ең жоғары мәні 2021 жылы тіркеліп, 446 мың баланы құрады. Ал көші-қонның ең жоғары оң сальдосы 2006 жылы болды. Биылғы жылдың деректеріне сәйкес, тоғыз айда дүниеге келгендер саны 291 мың адамды құрады. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 194,8 мың адамды құрады. Бұл орта есеппен бір айда 22 мың адам немесе күніне шамамен 750 адам деген сөз», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша оң сальдо қалыптасты, яғни, елімізге тұрақты тұруға сыртқа кеткеннен гөрі көп адам келген.

Спикер облыстар бөлінісіндегі халықтың қазіргі саны бойынша тұрғындардың ең көп саны Түркістан облысында – 2,1 млн, Алматы облысында – 1,5 млн, Жамбыл облысында – 1,2 млн адамды құрағанын атап өтті.

Previous Post

СОЗАҚ: САЙЛАУ АЛДЫ ҚАМТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 13 ЗАҢСЫЗ ОЙЫН ЗАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі