Түркістанда 2024 жылы 570 орынды жаңа облыстық аурухана пайдалануға беріледі. Түркістан қаласында қазіргі таңда 570 төсек-орындық заманауи көпбейінді облыстық аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 50%-ы аяқталған. Облыстың бас ауруханасын 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланғанБұдан бөлек, Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасына сәйкес, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында облыста 4 аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде Ордабасы аудандық орталық ауруханасының жөндеу жұмыстары толық аяқталып отыр. Сондай-ақ, Сарыағаш пен Жетісай аудандық орталық ауруханалары биыл жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі. Сайрам ауданындағы медициналық нысанның жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталады. Бұдан бөлек, күрделі жөндеуден өткен барлық медициналық мекемелер материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілетін болады.Сонымен қатар, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 49 жаңа алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанын салу жоспарланған.Айта кетейік, былтыр Ордабасы аудандық орталық ауруханасының жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Сонымен қатар, биыл жыл соңына дейін Сарыағаш және Жетісай аудандық орталық ауруханаларының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сарыағаш ауданындағы орталық ауруханаға арнайы барып, жөндеу жұмыстарымен танысты. Сапар аясында мердігер мекемеге нысанды уақытылы әрі сапалы аяқтау қажеттігі тапсырылды. Ел тығыз орналасқан шекаралы аймақта заманға сай аурухана болу қажеттігі айтылды.
Ал Сайрамдағы медициналық нысанның жобалық сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Аурухананың жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталады. Өңірдегі медициналық ұйымдарда 5,5 мыңнан астам дәрігер және 19 мыңнан астам орта буынды қызметкер халыққа қызмет көрсетеді. Медициналық жабдықтармен қамту деңгейі 84 пайыздан асып, жоспар толығымен орындалды. Нәтижесінде, негізгі ауру-жітім көрсеткіші төмендеді. Биыл 14 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Сарыағаш қаласында перинаталдық орталығы бар заманауи медициналық кешен құрылысының жобасы әзірленуде. Келесі жылы құрылысы басталады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдарда 49 жаңа нысан салу жоспарланып отыр.