Ордабасы аудандық орталық ауруханамызда Италия мемлекетінде өндірілген «Euroampli Alien Cardio» жылжымалы Ангиографиялық жүйесі жабдығы орнатылып, алғаш рет диагностикалық мақсатта коронарография жасалынды. Дәрігерлер жүрек-қан тамырындағы ақауды толық анықтайтын коронаграфия əдісін сәтті іске асырды. Бұл дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық процедура.
Тың әдіспен жасалған ота Англиядан жене облыстан келген білікті мамандардың қатысуымен жергілікті дәрігерлердің шеберлік сыныбы аясында кардиологиялық екі ота, неврологиялық, хирургиялық 4 ота жасалды. Әрбір ота небәрі жарты сағатқа ғана созылды. Ангиографиялық жүйе науқасқа сәулелік жүктемені орта есеппен 75 пайызға төмендетіп, визуализациялаудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде шолу аумағын үлкейтіп, суреттің ажыратымдылығын жақсартады. Бұл ерекшеліктер өз кезегінде интервенциялық радиология мамандардың зерттеулер мен емдік шараларды сапалы орындауына мүмкіндік жасайды. Аппараттың қан тамыры ауруларының диагностикасы саласында мүмкіндіктері өте үлкен. Бұл – емдеу кезеңіндегі зерттеулер арқылы оталық ем қажеттілігін анықтаудың өте маңызды сатысы. Бұл аппараттың тиімділігі сол, сырқаттың себебін дәл анықтау мүмкіндігі орасан. Ерекшелігі, ота тамырдың ішінде жабық түрде жасалады. Мәселен, қан кеткен және жүрмей қалған тұсты тез анықтап, тамырды бітеуге, модельдеуге, қалпына келтіруге, тар тамырды кеңейтуге мүмкіндік береді. Науқас ояу жатып, мониторға қарайды. Науқаспен сөйлесе отырып, нәтижесін байқап отырады. Ал, ашық ота кезінде сырқатқа наркоз беріледі. Ота кемінде 3-4 сағатқа дейін созылады.
Жоспар бойынша Ордабасы аудандық орталық аурухана мамандары тағы да күрделі ота жасау барысын жетік меңгеріп, жергілікті деңгейде дамытуда қолға алмақ.
«Hyundai i30» маркалы 75 санитарлық автокөліктерінің 3 автокөлігі Ордабасы аудандық орталық ауруханасына табысталды, 2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап бұл автокөліктер IV жеделділік санатты шақыртуларға, яғни созылмалы ауруының асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларынсыз пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттерге ел игілігіне қызмет көрсетуге толығымен дайын.
I, II, III-жеделділік санаттарының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМЖС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды ЖМЖС фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді. IV-жеделділік санатының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМКС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшесінің фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді. Шақыртуды қабылдаған сәттен бастап, пациенттің тұрған жеріне дейін жету I-жеделділік санаты он минутқа дейінгі, II-жеделділік санаты он бес минутқа дейінгі, III-жеделділік санаты отыз минутқа дейінгі, IV-жеделділік санаты алпыс минутқа дейінгі уақытты құрайды.