Созақ аудандық орталық ауруханасы аудан халқына мамандандырылған стационарлық және емханалық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін емдеу-алдын алу мекемесі, сонымен қатар аудандағы барлық денсаулық сақтау мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік және шұғыл басқаруды қамтамасыз ететін орталық және сапалы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыратын мекеме болып саналады. Орталық аудандық аурухананың негізгі міндеттері:
— Аудан халқына мамандандырылған стационарлық және емханалық медициналық көмекті тиісті көлемде қамтамасыз ету;
— Жедел және ұйымдастыру-әдістемелік басқару, аудан денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін бақылау;
— Медицина мекемелерінің желісін жетілдіру және осы бағыттағы іс-шараларды жоспарлы түрде дамыту;
— Аудан денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын жоспарлау, қаржыландыру және материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру;
— Аудан халқына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға, аурушаңдықты, мүгедектікті, ауруханадағы өлім-жітімді, балалар арасындағы және жалпы өлім-жітімді азайтуға, жасөспірімдер денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу; — Аудандағы емдеу-алдын алу мекемелерінің өз міндеттерін атқаруда кең көлемде және мерзімінде науқастарды анықтаудың және алдын алудың заманауи әдістері мен тәсілдерін енгізу.
Созақ аудандық орталық ауруханасы теріскейдің 58 мың тұрғынына дәрігерлік көмек көрсетіп келеді. Атап, айтқанда, медициналық ұйым құрамында 1 аудандық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 бастапқы санитарлық медициналық ұйым, 9 дәрігерлік амбулатория, 9 ауылдық аурухана, 4 фелдшерлік-акушерлік тірек, 13 медициналық тірек халыққа қызмет етеді. Аудандық аурухана 254 төсек орынға арналған болса, тиісті мамандармен қамтамасыз етілген аудандық емхана ауысымына 500 пациент қабылдауға қауқарлы. Жалпы алғанда Созақ ауданында денсаулық сақтау саласында 900-ге жуық маман жұмыс істейді. Оның 124-і дәрігер, 500-ге жуығы орта буын қызметкерлері.Соңғы 5 жылда ауданға келген мамандардың әлеуметтік көмек алғандары ғана тұрақтап қалған. Ал, үй алмаған, Қоғамдық денсаулық басқармасы тарапынан берілетін бір реттік әлуеметтік пакетке қол жеткізе алмағандардың көбі қайтып кеткен. Дегенмен, 2017 жылы – 4, 2018 жылы – 2, 2019 жылы – 3, 2020 жылы – 3, 2021 жылы 5 маман келіп, бес жылдық келісімшарт негізінде аудан тарапынан баспанамен қамтылған екен.Бір жақсысы Созақ ауданындағы емдеу мекемелерінің бәрі типтік ғимараттарда орналасқан. Тек Аққолтық ауылындағы медициналық тірек қана кезінде асар әдісімен халықтың көмегімен салынған екен. Енді осы Аққолтықтағы медпунктті құжаттарын әзірлеп, қайта салдырса, ауданда ғимарат мәселесі болмайды. Сонымен қатар, 2004-2009 жылдар аралығында пайдалануға берілген ғимараттар жөндеу көрмепті. Бұл бағытта да атқарылатын біраз жұмыстар бар. Емдеу мекемелерінің шығыны көп жылыту жүйелерін де атономды жүйеге көшірмесе болмайды.
Жалпы 254 төсек орынға шақталған аудандық ауруханада босану, балалар, хирургия, терапия, гинекология бөлімшелері жұмыс жасайды. Бұдан басқа барлық ауруханаларда бар қабылдау бөлімі мен жансақтау бөлімшесі жұмыс істейді. Бірақ, материалдық-техникалық базаны нығайту қажеттілігі күн тәртібінен түспеуі тиіс. Бұл бағыттағы алғашқы әрекеттер нәижелерін беруде.