Инфекциядан қорғаудың жалғыз жолы — вакцинация. Иммундау жоспарлы түрде «Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне» сәйкес төмендегіше жүргізіледі:
-Балалар 12 айлық кезде және 6 жаста екі рет;
-18 жастан 35 жасқа дейінгі ауырмаған және екпе алмаған, сонымен қатар, бір рет қана егілген ересектер егуге жатады;
-36 жастан 55 жасқа дейінгі тәуекел тобына жататын, әсіресе медициналық және білім беру мекемелерінің, сауда ұйымдарының, көлік және коммуналдық шаруашылықтың және әлеуметтік саланың қызметкерлері, вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар, мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлері егуге жатады.
Егер өзіңіз немесе балаңыз ауырып қалса, Сіз келесі әрекеттерді жасағаныңыз дұрыс:
-Шұғыл медициналық көмекке жүгіну;
-Емханаға өз бетіңізше бармаңыз, дәрігерді күтіңіз;
-Дәрігер келгенге дейін басқа адамдармен байланысын барынша азайтыңыз;
-Жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды орамалмен немесе майлықпен жабу, қолды сабынмен жиі жуу;
-Тыныс алу органдарын қорғау құралдарын қолданыңыз (мысалы, маска немесе дәке таңғыш);
-Өзін-өзі емдеуге болмайды!
Облыс аумағында қызылша аурушаңдығының алдын-алу, эпидемиологиялық жағдайды бұдан әрі тұрақтандыру мақсатында өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық қызылшаға қарсы іс-шаралар туралы» қаулысы шықты. (Бұған дейін ҚР БМСД А.Есмағамбетованың Қаулысы шыққан болатын).
Қаулы бойынша қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға қосымша жаппай иммундау жүргізіледі.
1) 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, жоспарлы тәртіппен – осы санаттағы балаларды қосымша иммундау ҚҚП-ға қарсы вакцина партиясы түскеннен кейін – ҚҚП-ға қарсы вакцина қолданыла отырып 2023 жылғы 5 желтоқсаннан басталады;
2)қызылшаға қарсы профилактикалық екпелері жоқ, сондай-ақ 2019-2020 жылдары және 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізілген осы инфекцияға қарсы алдыңғы қосымша жаппай иммундау барысында қызылшаға қарсы егілмеген медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері.
Бұл ретте 6 айлық балаларды қызылшаға қарсы ҚЖИ қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар мен медицина қызметкерлеріне 2023 жылғы желтоқсаннан бастап 2024 жылғы қаңтар аралығында жүргізіледі.
Өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бүгіннен бастап, яғни қарашаның алтысында күшіне енді.
Б.Елемесов ТО СЭБД басшысының орынбсары