Өткен жылы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзінің Түркістан облысына жұмыс сапары аясында азаматтардың жеке қабылдауын өткізген болатын. Қабылдауға қаланың 10 тұрғыны елде және шетелде мамандандырылған медициналық көмек алуға жәрдемдесу, орфандық ауруларды емдеу үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ медицина қызметкерлерін оқыту құқығына қатысты сұрақтармен жүгінді.
Осылайша, жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған екі баланың әкесі, азамат Н. емдеу үшін қымбат Нусинерсен препаратының қажеттілігіне байланысты министрге жүгінді. Министр хабарлағанындай, биыл Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп орфандық ауруларды емдеуге арналған препараттарды сатып алатын болады. Бұлшықет атрофиясын емдеуге арналған бұл препарат сатып алынатын препараттар тізіміне енгізілген, сонымен қатар 20-дан астам дәрілік зат сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған ұлттық дәрілік формулярға енгізілген.
Жетісай ауданының тұрғыны, азамат Ж. сетчатканың ажырауы салдарынан толық соқырлық диагнозымен Шетелде емделуге көмек сұрады. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұл ауру мемлекеттік бағдарламаға сәйкес шетелдік емдеуге жатпайтынын атап өтті, бірақ бұл мәселені «Қазақстан халқына» Қорының көмегі аясында қарау кезінде қолдауға дайын екенін білдірді.
Түркістан тұрғыны қызына ауыр жүрек жеткіліксіздігі диагнозымен ем алу үшін министрден көмек сұрады. А.Ғиният осы жағдайды жұмысқа алуды және Ұлттық ғылыми орталықтар базасында баланы емдеуге жан-жақты жәрдем көрсетуді тапсырды.
Денсаулық сақтау министрі халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы және халықпен кері байланыстың тиімділігін арттыру аясында азаматтардың барлық өтініштеріне толық жауап берді.