«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысымен бекітілді.
Күтілетін әлеуметтік әсер – азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2020 жылғы 71,37 жастан 2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғайту Халықтың медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін 2020 жылғы 53,3 %-дан 2025 жылы 80 %-ға дейін арттыру.
Ұлттық жоба 4 бағыттан тұрады:
1-бағыт. Қолжетімді және сапалы медициналық көмек;
2-бағыт. Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру;
3-бағыт. Отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары;
4-бағыт. Саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту.
Түркістан облысы бойынша 2021 жылы Ұлттық жоба аясында Ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту: оның ішінде Ауылдық елді мекендерде, оның ішінде тірек және спутниктік ауылдарда фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашу көрсеткіші бойынша 2022 жылы жоспар – 11 нысан жоспарланды, 1 нысан салынып, пайдаланылуға берілді (Ордабасы ауданындағы Бірлік ФАП).
Жедел жәрдем қызметін нормативке сәйкестендіріп, жүктемесін азайту мақсатында демеушілікпен (КАТКО қорынан) Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған жедел жәрдем стациясының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Түркістан қаласында заманауй перзентхана салу үшін Біріккен Араб Әмірлігімен келіс сөздер жүргізілуде (Абу-Даби қорынан).
Айта кету керек, 2022 жылы Түркістанда «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Жаңа технологиямен жабдықталған «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдап, ем-дом көрсетеді. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы заманауи үлгіде жасақталған.
Сонымен қатар, ауылдық жерлердің және шалғай елді-мекендердің халқына консультациялық-диагностикалық қызметтер үшін көрсету барлық қажетті құрал – жабдықтармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешендер арқылы медициналық көмек көрсетілуде. Түркістан облысына 3 камаз түріндегі және 12 автобус түріндегі жылжымалы медициналық кешен 150 ауылдық елді-мекендерді қамтамасыз етіп, халыққа медициналық қызмет көрсетіп жатыр. Жылжымалы медициналық кешенмен ауыл халқын медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында, жыл басынан 181 242 халық қамтылды.
Түркістан облысына қарасты медициналық ұйымдарда 5 481 дәрігерлер және 19 191 орта буын мамандары қызмет атқарады. Қазіргі таңда, дәрігерлер тапшылығы 258 маманды құрап отыр. Тапшылық бейінді мамандықтар (кардиолог, невропатолог, оторинларинголог, анестезиолог-реаниматолог (ересектердің, балалардың) педиатр, окулист, онколог, акушер-гинеколог, неонатолог, нефролог, инфекционист, жедел жәрдем дәрігері, фтизиатр, травматолог, зертхана дәрігері, офтольмолог, патологоанатом, дерматовенеролог, ревматолог) есебінен туындауда.
Облыстық медицина кадрларымен қамтамасыз етілуі дәрігерлер 26,4%, орта буын 92,5%.
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының жергілікті бюджет есебінен 2022 жылдың 6 айында – 593 маман білімін жетілдірді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің көлемін кеңейту пайызы 63,6% құрады. Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту мақсатында, жүкті әйелдерді босануға дейінгі жеке және салааралық бақылаумен қамтуды ұлғайту 83% құрады.
Тағы бір атап кетерлік жайт, Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілуде. Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында 57 жобаны салу жоспарланған. Атап айтқанда, теннис орталығы салынып, мұз сарайы, ат-спорт кешені, демалыс орындарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге инженерлік инфрақұрылымын салу жұмыстары жалғасуда. Бекзат Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешені орнынан қазіргі заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы былтыр басталған болатын. Жобаға биыл 1,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Нысан құрылысы келесі жылы аяқталады. Түптеп келгенде, мұның бәрі халықтың денсаулығын нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз.
Жалпы алғанда, ұлттық жобаның негізгі басымдығына сәйкес, сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін облыста жоспарланған іс-шаралар тұрақты орындалуда.