Шардара аудандық орталық аурухананың хирургия бөлімінде «Краниопластика» операциясы жасалынды. Шеберлік сабағын №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирург дәрігері Оспанов Самат өткізді.Краниопластика деп аталатын ота әдетте, бастағы ұйыған қанды, ісікті алғаннан кейін, бас сүйектің сынған бөліктерін алып тастағаннан соң жасалады. Ол мидың қайта зақымдануына жол бермей, жарақаттан кейін болатын асқынулардың алдын алады. Бұл отаны науқастарға Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жасалады.
Шардара аудандық орталық ауруханасы стационарлық, стационарды алмастыратын және емдеу-профилактикалық медициналық көмек көрсетеді. Ауруханада диагностиканың, емдеудің, оңалтудың және профилактиканың заманауи әдістерін қолдануға негізделген сапалы медициналық көмек көрсетіледі.
Бүгінгі күні емхана 70 437 адамға қызмет көрсетеді. Оның ішінде: 39 580 – ересектер, 30 358 – балалар, 36 357 – ерлер, 34 080 – әйелдер (оның ішінде 15 505 – бала көтеретін жастағы әйелдер). 2017 жылдан бастап емханаға 26 мектеп тіркелген, онда 46 мектеп медбикесі жұмыс істейді. Барлық учаскелер компьютерлермен, принтерлермен, интернетпен, жиһазбен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Бекітілген халыққа амбулатория жағдайында консультациялық-диагностикалық көмек 30 медициналық мамандықтар бойынша көрсетіледі: кардиология, эндокринология, офтальмология, отоларингология, неврология, хирургия, травматология, урология, онкология, акушерлік және гинекология, маммология, дерматовенерология және т.б.
Аурухананың негізгі жүктемесін азайтып амбулаторлы емге басымдық берген мекемеде емхана жанынан ашылған амбулаторлы хирургия бөлімшесінде жеңіл оталардың барлығы жасалады. Ота демекші жақында аурухана тағы бір жаңа аппаратпен толықты. Мұнда лапороскопиялық қондырғы өттегі тас ауруын, жарықтарды, өкпе, бауыр құрттарына лапароскопиялық ота жасауға аса қажетті құрал. «Соңғы жағымды жаңалығымыз мекемеге лапароскопиялық аппараттың алынуы. Таяуда Шымкент қаласынан арнайы мамандар келіп, жергілікті хирург дәрігерлерімен бірге мастер класс өткізді. Оның ішінде 10 науқасқа өт тас ауруы, созылмалы холецистит диагнозымен ота жасалса, 4 науқаска отадан кейінгі жарықтарға лапороскопиялық жолмен ота жасалынды. Бұл дегеніміз енді науқастарымыз ота жасатуға арнайыүшінші мегаполиске барып портал күтіп ем алмай, өзімізде хирург дәрігеріне келіп тексерілуге, қажет жағдайда отаға жүгіне алады.