Түркістан облысында медициналық орталықтар саны арта түспек. Сонымен бірге, Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухана салу жоспарлануда. Сондай-ақ, Облыстық балалар ауруханасы және «Ана мен бала» орталығының да құрылысын жүргізу көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Денсаулық сақтау саласын ілгерілету мен медициналық жабдықтармен қамту бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы ауру-жітім көрсеткіші төмендеді. 4 аурухана антиограф, 2 аурухана компьютерлік томографиямен жабдықталып, 1016 дана салаға қажетті техника алынған. Осылайша медициналық жабдықтармен қамту деңгейі 84%-ды құрады. Жалпы Облыста 45 медициналық ұйым жұмыс істейді. Онда 5509 дәрігер және 19154 орта персонал халыққа қызмет көрсетеді. Өткен жылы 31 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп, оның 17-і ел игілігіне пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 млн. халық тұратын оңтүстік аудандар үшін Сарыағаш қаласында перинаталдық орталығы мен заманауи медициналық кешен салуды тапсырған болатын. Қазіргі таңда нысан құрылысы үшін жер учаскесі бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында ауылдарда 49 жаңа нысан салынады. Жергілікті тұрғындардың сұранысы ескеріледі. 2022 жылы 5 нысан күрделі жөндеуден өтсе, 2023 жылы қосымша 2 нысанға жөндеу жүргізіледі.
Түркістан Орталық қалалық ауруханасында жүректің кенеттен тоқтап қалу қаупі жоғары пациенттерге операцияның жоғары технологиялық инновациялық әдісі енгізілді.
Түркістан облысында алғаш рет, 2024 жылғы 13 қаңтарда «Түркістан қалалық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында стационардың интервенциялық кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Б.Усмановтың жетекшілігімен кенеттен жүрек өлімі қаупі жоғары пациентке кардиовертер – дефибриллятордың тері астындағы жүйесін имплантаттау бойынша мастер – класс өтті.
Мамандар 62 жастағы ер адамға «Диталациялық кардиомиопатия. Жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек ортасы фибрилляциясы. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» диагнозымен сәтті операция жасады. Мастер-класс өткізу үшін арнайы ҚР бас штаттан тыс аритмологы, «Қазақ аритмологтар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор А. Әбдірахманов шақырылды.
Кардиовертер-дефибриллятор – бұл электрондық антиаритмиялық құрылғы , бұл жүрек ырғағын басқаруға арналған күрделі компьютер, оның өлшемдері кішкентай және кеуде қуысының бүйірлік үстіңгі жағындағы тері астына салынған. Бір минутқа да жұмысын тоқтатпай, құрылғы жүрек қызметін бақылайды.
Өмірге қауіп төндіретін аритмия (қарыншалық фибрилляция) пайда болған кезде құрылғы жоғары электр энергиясының разрядын қамтамасыз етеді, содан кейін дұрыс ырғақ қалпына келеді және жүрек өз жұмысын қалпына келтіреді.
Кардиовертер-дефибрилляторын имплантаттау – өмірге қауіп төндіретін тахиаритмиямен (өмірге қауіп төндіретін жүрек соғысының ұстамасы) пациентті кенеттен аритмиялық өлімнен қауіпсіз қорғаудың және оның өмірін ұзартудың жалғыз жолы.
Бұл операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде тегін жүргізілді. Бүгінгі күні операция жасалған пациент өзін қанағаттанарлық сезінеді және интервенциялық кардиология бөлімшесінде емін жалғастыруда.
Дәрігерлер шеберлігінің арқасында пациенттің денсаулығына ешқандай қауіп төнбейді.
Медицинадағы инновацияларды әрдайым қолдайтын және жоғары технологиялық операцияларды сәтті енгізетін стационардың басшысы Б.Берденов атап өткендей: «Бұл бағыт дамитын болады, операцияның мұндай көлемі мен түрлері бірнеше есе көп жүргізілетін болады, өйткені мұқтаждар өте көп. Біз Түркістан облысы азаматтарының тағы бір санатына көмектесе алатынымызға қуаныштымыз және қанайналым жүйесі ауруларының өлім-жітімін төмендетуге өз үлесімізді қосамыз» .