Аудандық емханада «Артериалдық гипертония» денсаулық мектебінің мамандары емханаға келген қаралушыларға «Артериалдық гипертензияның алдын -алу» бойынша сабақ өткізді.
Өкінішке орай, гипертониялық ауруды емдеу мүмкін емес, дегенмен өз ауруыңызды бақылауға болады. Сол арқылы асқынулар мен алдын алуды қамтамасыз етуге болады. Бұл науқастың өмірін ұзартуға және оның денсаулық жағдайын жақсартуға болады. Артериалдық гипертензияны бақылау, тіпті қазіргі заман медицинасының барлық мүмкіндіктерін барынша қолданғанда да емдеу барысында пациенттің өзінің белсенді әрекетінсіз нәтиже болмайды. Пациенттер тиісті деңгейде ауру туралы толық білген жағдайда ғана бұған қол жеткізуге болады.
Бұрынғы «гипертониялық ауру» деген атау қазіргі уақытта «артериялық гипертензия» немесе «артериялық гипертония» терминімен қолданылады және қазіргі кездегі ең маңызды мәселе болып саналады. Көптеген жағдайларда «артериялық гипертензия» (АГ) көрінбей, кездейсоқ ашылуы мүмкін (мысалы, медициналық тексеруден өткен кезінде немесе қысымды профилактикалық өлшеу кезінде). Мысалы, егер қан қысымының (ҚҚ) 3 бақылау өлшеуінде қан қысымының жоғарылауы байқалса, онда адамда артериялық гипертензияның болуы туралы болжам жасауға болады.
Қан қысымының деңгейі – адам денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің бірі және қан қысымының 140 және 90 мм сынап өлшемінен жоғарылауы артериялық гипертензия ретінде түсіндіріледі.
Қан қысымы – бұл қанның артерия қабырғаларына түсетін қысымы. Көптеген жағдайларда адамда АГ пайда болу себептері белгісіз болып қалады. Басталатын гипертонияның белгілері көбінесе әдеттегі шамадан тыс жұмыс белгілерімен сәйкес келеді. АГ қаупін арттыратын негізгі факторлар бар және олар:
– генетикалық бейімділік (тұқым қуалаушылық);
– жасқа байланысты өзгерістер;
– артық салмақ, отырықшы өмір салты;
– алкогольге тәуелділік, темекі шегу;
– стресс және жиі эмоционалды шиеленіс;
– созылмалы аурулардың болуы (бүйрек, жүрек аурулары);
– сыртқы факторлардың әсері.
AГ 2 түрі бар:
– бірінші және негізгісі – тәуелсіз ауру ретінде дамитын;
– екінші түрі – организмде созылмалы аурулардың болуына байланысты дамитын (мысалы, бүйрек ауруы).
AГ негізгі белгілеріне мыналар жатады:
бас айналу, естің жоғалуына дейін;
көздің алдында «шыбындардың» пайда болуы;
шу және құлақтың бітелуі;
ыстықтау сезімі, дене температурасының шамалы көтерілуі;
жүрек айну, құсу;
мұрыннан қан кету, жүрек ауруы;
зейіннің әлсіреуі.
АГ-ның ұзақ ағымы дұрыс емделмеген жағдайда асқынуларға толы және инфаркт, инсульт, жүректің ишемиялық ауруы, көзге қан кету, өкпе ісінуі, деменция (кем ақылдық), жүрек, бүйрек жеткіліксіздігі сияқты ауруларды тудыруы мүмкін, сонымен қатар жалпы өлімнің артуына әкеледі.
АГ-ның алдын алу – бұл өзекті мәселе, өйткені жыл сайын гипертониялық науқастардың саны артып келеді, науқастар «жасарып» келеді. Көптеген қауіп факторларын жою және салауатты өмір салтын ұстану АГ алдын алудың негізгі шаралары болып есептеледі және оларға мыналар жатады:
– алкогольден, темекі шегуден бас тарту;
– тұзды тұтынуды шектеу, түрлі тұздалған, ысталған өнімдерден бас тарту;
– дұрыс тамақтану;
– дене шынықтыру, дене салмағын дұрыс ұстау;
– стресстік жағдайлардың, эмоционалдық күйзелістердің алдын алу;
– уақтылы скрининг;
– қысым деңгейін жүйелі бақылау;
– психотерапиялық тренингтер және аутотренингтер.
Ауруды емдеуге қарағанда алдын-алу оңай (және арзан) екенін есте ұстаған жөн!