Ордабасы аудандық орталық ауруқанасында Ауруларды басқару бағдарламасы бойынша ЖТД дәрігері Досали Мөлдір «Артериалды гипертония» бойынша емханаға келген қаралушыларға сабақ өткізді.
Қазіргі медицинаның маңызды мәселелерінің бірі – жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары. Ауруларды басқару бағдарламасында өзіне-өзі көмек көрсету/өзін-өзі басқару және сабаққа қатысқан науқастардың білімін арттыруға және ауруды ұтымды емдеуде, асқынулардың алдын-алуға және өмір сапасын жақсартуда практикалық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі . Осы зерттеу жұмысында біз мынандай міндеттерге қол жеткізуге тырыстық: науқастарды өз ауруларымен, қауіп факторларымен хабардар ету; науқастардың өз денсаулықтарына деген жауаркершілікті жоғарылату; ауруларынан айығуға ынталандыру; артериялық қан қысымын және дене салмағын өлшеуді қағидаландыру; пациенттерге денсаулықтарына әсер ететін қауіп факторларынан аулақ болуды қадағалуын түсіндіру.
Артериалды гипертония әлемдегі ең кең тараған аурулардың бірі. Артериалды гипертония – бұл қан қысымының қалыпты деңгейден көтерілуі. Сау адамдарда ол 120 мм және 80 мм болады. Одан артып кетсе алаңдауға негіз бар. Гипертониялық аурудың даму механизмінде адамның жүйке жүйесінің жағдайы маңызды рөл атқарады. Негізгі қауіп факторлары – жүрек және бүйрек аурулары, инсульт пен жүрек кемістігі.
Бұл әдетте қандағы холестериннің және триглицеридтің (ашқарынға глюкоза деңгейі 5,6 ммоль) көбеюінен болады. Кейде жүрек-қан тамырлары аурулары отбасылық тұқым қуалаушылықтан да бастау алады. Гипертонияны емдемей жүре берсе, ол соқырлыққа, аритмияға және жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғады. Медицинада кез келген ауру бастапқы сатысында оңай емделеді. Ол ежелден белгілі. Алайда, жоғары қан қысымы өте қауіпті. Себебі, мұны әрбір адам білмей қалуы мүмкін. Өйткені, аурудың белгілері білінбейді. Сондықтан қан қысымын тұрақты өлшеп отыру арқылы ғана қандай дәрежеде екенін көре аласыз. Дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмекті ішіп, оны төмендетуге болады.
Артериалды гипертонияның пайда болуына әсер ететін факторлар – темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, алкогольді ішімдіктерді көп ішу, физикалық белсенділіктің төмендігі, салмақтың артық мөлшерде болуы және стресс. Халықтың артерия гипертониясы туралы ақпараттардан хабары аз. Мұның өзі сайып келгенде дерттің қауіптілігін дұрыс бағаламауға әкеліп соқтырады. Аурудың алғашқы кезеңінде қатерлі асқынулардың алдын алуға әр уақытта мүмкіндік бар. Ол үшін тез арада дәрігерлік көмекке жүгіну керек.
Аталған ауруды диагностикалау, емдеу мен алдын алу шаралары жөнінде Леңгір қалалық емханасында түрлі шаралар өткізіледі. Әсіресе, көктем, жаз және күз айларында адамдар көп жиналатын жерлерде (халыққа қызмет көрсету орталықтарында, саябақтарда, сауда үйлерінде және т.б.) қандағы глюкоза деңгейін, артериялық қан қысымы мен тамыр соғысын және дене салмағының индексін анықтау, ақпараттық-ағарту материалдарын тарату акциялары ұйымдастырылса, нұр үстіне нұр! Ал, емдеу профилактикалық ұйымдарда кардиологтар, терапевтер мен невропатологтардың кеңес беруі арқылы ашық есік күндерін, артерия гипертониясының профилактикасы бойынша оқыту семинарларын өткізудің маңызы зор.
Аурудың алдын алу мақсатында тұрғындарға мынадай кеңестер ұсынғымыз келеді. Мәселен, тұзды тағамдарды (тәулігіне 5-6 грамнан артық тұз тұтынбау), қантты, майлы тағамдарды пайдалануды барынша шектеу керек. Сосын салмақты қадағалаған дұрыс. Артық салмақ өте зиян. Спиртті ішімдіктерден, темекі шегуден бас тартқан ләзім. Жас ерекшелігіне сай физикалық жүктеме (жүйелі орташа және бәсең жүктемелер артериалды қысымның деңгейін тұрақты төмендетеді) болуы керек. Лажы болса, күйзелістен аулақ болған жөн. Ал, скринингтік медициналық тексерістен міндетті түрде өткен пайдалы. Әрбір адам қан қысымын өлшеуді дағдыға айналдырып, қалыпты деңгейін біліп тұруы тиіс. Осылайша қан қысымыңызды бақылай отырып, өміріңізді басқарасыз.