Вирусты гепатит- гепатит вирусының бірімен: А, В, С, Д және Е шақырылатын, ішкі ағзаларды, атап айтқанда, адамның бауырын зақымдайтын жұқпалы ауру. Симптомдар мен берілу жолдарының айтарлықтай айырмашылығына қарамастан, барлық вирустар қабынуға қарсы әсерге ие және денсаулыққа теріс әсер етеді. Бұл вирустар әр түрлі жолмен таралады: А және Е гепатиттері – ластанған тамақ пен су арқылы; гепатит В – қан және дененің басқа сұйықтықтары арқылы; гепатит С – негізінен ластанған қан және D гепатиті – В гепатиті болған кезде қосымша инфекция ретінде таралады. Осы вирустардың барлығы жедел гепатитке әкеледі.Сонымен А вирусты гепатит (жұқпалы гепатит) әсіресе ұйымдасқан ұжымдарда (БМҰ, мектептер) көбінесе балаларға жұғады. Аурудың жасырын кезеңі орташа 35 күнді (ауқымы 8-50 күн) құрайды. А вирусты гепатит лас қол, ауру вирустары бар су, тамақ арқылы және вирустың ауызға түсуі кезінде беріледі, күнделікті жұқпаланған заттар арқылы байланысты-тұрмыстық жолымен берілуі мүмкін.
В вирусты гепатит төмен және жоғары температураларға, химиялық және физикалық әсерлерге нықты төтеп бере алады. Бөлме температурасында 3 ай, тоңазытқышта – 6жыл, мұздатылған күйде – 15-20 жыл сақталады. 30 минуттан артық қайнатқан кезде ғана вирусты жоюболады. Вирус көптеген дезинфекциялық құралдарға тұрақты. В вирусты гепатит ауруының жасырын кезеңінің ұзақтығы орташа 60-90 күнді (ауқымы 45 күннен 180 күнге дейін) құрайды.
С вирусты гепатит сыртқы ортада тұрақсыз. Аурудың жасырын кезеңі 180-210 (14 күннен 780 күнге дейін ауытқыйды) күн.
В және С вирусты гепатиттері парентералдық (қан алмастыру, сілемейлі қабықшаларды және тері жамылғыларды зақымдаумен қосарланған манипуляциялар, шағын жарақаттар арқылы болатын тұрмыстық байланыс), жыныстық жолдармен, сол сияқты босану жолдарынан өткен кезде жұқпаланған анадан балаға беріледі. Теріні зақымдаған кезде (инемен шаншу немесе өткір құрал-сайманмен кесу); биологиялық сұйықтардың сілемейлі қабықшаларға түскенде немесе теріні зақымдағанда; тіндермен және биологиялық сұйықтармен зақымдалмаған терінің ұзақ немесе ауданы бойынша көлемді байланысында жұқтырылады. Вирус есірткілерді вена ішіне енгізу, татуаж жүргізу, медициналық манипуляциялар алу (қан алмастыру, дәрі құю, оталар), қорғалмаған жыныстық байланыстар, тұрмыстық шағын жарақаттар (маникюр, бөтен сақал-мұрт қыру аспабымен қырыну және т.б.) кезінде, қанмен және оның өнімдерімен, шәуетпен, сілекеймен, қынаптық шығындылармен, одан кейін жіті және созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы ашық көрінген және онша көрінбейтін түрлері бар адамдар көз жастарымен зақымданған тері және сілемейлі қабыршықтар арқылы енеді.
Қандай да болмасын вирусты гепатит кезінде көбінесе бауырдың жасушасы, кейде тері жамылғылары сарғаюымен (сарыауру) зақымданады. Бірақ вирусты гепатиттер аурудың ауырлығы, жұқпалардың созылмалы түрлерінің даму бейімділігі бойынша ерекшелігі бар.
Мысалы А вирусты гепатитімен ауру әдетте сауығумен аяқталады, созылмалы жұқпалар дамуы бейімділігі байқалмайды.
Парентералды В және С вирусты гепатиттер деп аталатындар, ең қауіпті. Қанға кірген В вирусты гепатит бауырға еніп, бауыр жасушасы ішіне кіреді. Ағзаның жеткілікті күшті қорғаныс реакциясы кезінде лимфоциттер жұқтырылған жасушаларды бұзады, және вирус бауыр жасушасынан алыстатылады. Бұның өзінде науқас орта ауыр дәрежедегі гепатиттің жіті түрін басынан өткізіп, бірте-бірте сауығады және онда тұрақты иммунитет қалыптасады. Нашар иммунитет кезінде В вирусты гепатит бауыр жасушаларында айлап, кейде жылдап, он жылдап, өмір бойы В вирусты гепатиті созылмалы ауруға айналады.
С гепатиті – вирусты ауру, көбінесе сарғаюсыз және жеңіл түрлері басым болуымен өтеді және процестің созылмалығына бейімді. С вирусты гепатитін тағы да «Мейрімді кісі өлтіруші» деп атайды, себебі ол көбінесе ешбір білінусіз өтеді, сонда ауруды зертханалық әістемелермен ғана айқындауға болады. Бауыр жасушаларына кірген вирус созылмалы гепатиттің, бауыр циррозы мен обырдың негізгі себебі бола отыра, оларды зақымдайды. С гепатиттен кейін иммунитет тұрақсыз, қайтадан жұқтырылу мүмкін. С вирусты гепатиттің көптеген жағдайлары (жалпы 90 пайызы) аурудың ашық симптомдарынсыз басталады және ұзақ уақыт анықталмайды. Ауру симптомдары көңіл-күйдің төмендеуімен, әлсіздікпен, нашарлаумен, шаршаумен, тәбеттің төмендеуімен аяқталады. Ауру жұқтырған адамдардың көбі өздерін саумыз деп есептейді, жұқтырылған адамдардың аз бөлігінде жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне, бауырдың шамалы ұлғаюына және қанның биохимиялық талдауы жағынан өзгерулерге мезгіл-мезгілді шағымдар пайда болады. Сарғаю онша емес, аққабықтың аз ғана сарғаюы білінеді, несеп қоңырланып, нәжіс өңсізденеді. Жіті С гепатиті кезінде оңалу көбінесе аурудың сарғаюы түрінде өтеді. Науқастардың көпшілігінде С вирусты гепатитпен созылмалы ауру дамиды. Ауру 15-20 жылдан кейін С созылмалы гепатиті түрінде қайтадан басталуы мүмкін. Науқастарды шаршағыштық, ұйқының бұзылуы, оң қабырғаасты ауыртпалығы сезімі, тәбеттің нашарлауы, жұмысқа қабілеттіктің төмендеуі мазалайды.
Гепатиттің белгілері: шаршау, тәбеттің төмендеуі, дене қызуының көтерілуі, сарғаю тән.
Асқынулары: Көптеген науқастар толық сауығады. Сонымен қатар, В және С гепатиті инфекциялары созылмалы түрге ауысып, цирроз бен бауыр ісіктеріне әкелуі мүмкін.
Вирусты гепатит инфекцияларының алдын алу:
— қауіпсіз тамақпен және таза ауыз сумен қамтамасыз ету (А және Е гепатиттері);
— вакциналар (А, В және Е гепатиттері);
— донорлық қан скринингі;
— зарарсыздандырылған инъекциялық жабдықтармен қамтамасыз ету;
— жыныстық қатынас кезінде сақтық шаралары мен қауіпсіздікті сақтау қажет;
— жеке бас гигиена құралдары( тіс щеткасы, ұстара, тырнақ қайшысы, тарақ, т.б.) арқылы алдын алуға.
Б.Елемесов
ТО СЭБД басшысының орынбасары