Тамақтан улануды болдырмау үшін тағамдарды сақтау және дайындаудың бірнеше қарапайым қағидаларын орындау керек:
— қауіпсіз азық –түлік өнімдерін таңдау;
— тамақты дұрыс дайындау;
— тағам дайын болғаннан кейін мүмкіндігі бойынша бірден тамақтану;
— жаңа дайындалған тағамдарды кешегі дайындалған тағамдар қалдықтарымен араластырмау қажет, егерде дайын тағам ертеңгі күнге қалған жағдайда, оны пайдалану алдында мұқият термиялық өңдеуден өткізу қажет (қайнату немесе қуыру);
— шикі және піскен азық-түлік өнімдер арасындағы байланысқа жол бермеу;
— жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтау: ас ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен мұқият, жиі жуу;
— қайнатылған, бөтелденген немесе сапалы, таза ауыз суды пайдалану;
— көкөністер мен жемістерді пайдаланар алдында үнемі ағынды сумен жуып пайдалану, ал балаларға қайнатылған сумен жуып беру;
— тез бұзылатын тағам түрлерін және дайын тағамды тоңазытқышта 2-6 С температурада сақтау;
— кремді-кондитерлік өнімдерді жарамдылық мерзімдері өткеннен кейін пайдаланбау;
— үйдегі қоқыстарды және тиағам қалдықтарын уақытылы шығару және шыбын, жәндіктерді болдырмау;
— үнемі ас үйді таза ұстау және жеке бас гигиенасын сақтау;
Егер жоғарыдағы қасиеттердің бірі тағамда болса, микробтардың көбеюіне мүмкіндік туады. Консервіленген, кептірілген және мұздатылған өнімдерді белгіленген мерзімге дейін ғана қолдану керек. Алайда, профилактикалық қауіпсіздік шаралары қаншалықты мұқият сақталса да, азық-түлік өнімдеріндегі микроорганизмдердің болатынын ескеру қажет.
Сондай-ақ, жарамсыз тағамдарды пайдаланғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін денеде зиянды бактериялар пайда болуы мүмкін екенін біліп жүріңіз және ешқашан ұмытпаңыз. Сонымен қатар пісіру уақытын ешқашан қысқартпаңыз.
Тамақтан уланудың алдын алу, олардың салдарымен күрескеннен гөрі, тамақ сатып алудан бастап тамақтанғанға дейінгі барлық кезеңдерде алдын алу шараларын сақтау, тамақтан улануға жол бермейді.
А.Исакаков
ТО СЭБД басшы орынбасары