Жүкті әйелге медициналық көмек тек жүктіліктің барысын бақылауды ғана емес, сонымен қатар ұрықтың дамуына скринингтік зерттеулер жүргізуді де қамтиды.
Бүгінгі күні ел аумағындағы органдар мен жүйелердің даму ақауларын анықтауға жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 85,4%-ды, хромосомалық ауруларды анықтауға биохимиялық скринингпен қамту 77,7%-ды құрайды. Жаңа туылған нәрестелердегі даму ақаулары құрылымында органдар мен жүйелердің даму ақаулары 96,3%, хромосомалық бұзылулар 3,7%-ға тең. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі ұрықтың даму патологиясының пренаталдық диагностикасын жетілдіру бойынша шаралар қабылдады. Еліміз бойынша 17 құрсақтағы нәрестені қорғау орталықтары құрылды, пренаталдық скрининг жүргізу қағидалары бекітілді, пренаталдық УДЗ скринингін жүргізуді ұйымдастыру стандарты әзірленді, – делінген ведомство таратқан хабарламады.
Биыл 4 айы ішінде УДЗ диагностикасының халықаралық стандарты бойынша 150 маман оқытылды. 2022 жылдың соңына дейін жүкті әйелдерді скринингтеу үшін сараптамалық кластағы 50-ден астам УДЗ аппаратын сатып алу жоспарланған.
Сондай-ақ, 20 ауданаралық ауруханада перинаталдық көмектің үшінші деңгейлі босандыру бөлімшелері ұйымдастырылады.
Жалпы, әдіснамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру бөлігінде кейіннен катамнестік бақылауды қамтамасыз ете отырып, шала туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету жетілдірілетін болады.
Қазақстан ұрық дамуының туа біткен ақауларын ерте анықтау үшін пренаталдық скринингтің жаңа заманауи әдіснамасына көшеді.
Сонымен қатар, пренатальды ультрадыбыстық диагностика функциясы жетілдіріледі. Пренатальды УДЗ диагностикасының қосымша 100 маманын оқыту, сондай-ақ өңірлерді УДЗ сараптамалық сыныбының УДЗ аппараттарымен жарақтандыру жоспарлануда.