Өткен жылдан бері Арыс аудандық орталық ауруханасында Кarl storz аппараты арқылы лапараскопиялық кіші инвазивті оталар жасалады. Аурухананың хирургия бөліміне түскен 1997 жылғы науқастың сол жақ аналық без кистасын лапараскопиялық жолмен алынып тасталды.
Яғни, науқас МӘМС жүйесінде сақтандарылғандықтан ота ақысыз жасалды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық.
Отаны «Болашақ» бағдарламасы бойынша Израилде симуляциялық тренинг курстың тағлымдамадан өткен хирург — дәрігер Әлімжан Оспанов жасайды. Казиргі таңда гинекологиялық (аналық без кисталары, жатырдан тыс жүктілік), хирургиялық (өт тас ауруларына, жедел аппендицит) оталарыда жасалады.
«Лапароскопиялық хирургия – науқастың ішкі ағзасына ота жасау үшін тілік жасамай емдейтін хирургияның жаңа әдісі. Бұл тәсілмен ота жасалған емделуші бір-екі күн ішінде аяққа тұрып кете алады. Қазіргі таңда науқастар облыс орталығына бармай-ақ аудан ауруханасында толық емін ала алады.Ең алдымен науқас емханада тиісті талдамаларын тапсырады. Бейінді дәрігер талдама көрсеткішіне байланысты жолдамамен науқасты хирург-дәрігерге жолдайды. Нәтижесінде, науқасқа ота жасалынады», – дейді дәрігер-хирург.
Түркістан облысында алғаш рет «Түркістан қалалық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында стационардың интервенциялық кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Б.Усмановтың жетекшілігімен кенеттен жүрек өлімі қаупі жоғары пациентте кардиовертер — дефибриллятор жүйесін тері астына имплантациялау бойынша шеберлік — класс өтті.Мамандар отаны «Кеңейтілген кардиомиопатия. Жүрек ырғағының бұзылуы, жүрекшелердің фибрилляция. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» диагнозымен сырқаттанатын 62 жастағы ер адамға сәтті жасады. Тәжірибесін бөлісу үшін арнайы ҚР бас штаттан тыс аритмологы, «Қазақ аритмологтар қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор А.Әбдірахманов шақырылды.
Кардиовертер-дефибриллятор – бұл электронды антиаритмиялық құрылғы, жүрек ырғағын басқаруға арналған күрделі компьютер, оның өлшемдері кішкентай және кеуде қуысының жоғарғы бүйіріндегі тері астына ендіріледі. Құрылғы жүрек қызметін тұрақты бақылап, бір минутқа да жұмысын тоқтатпайды. Өмірге қауіп төндіретін аритмия (қарыншалық фибрилляция) пайда болған кезде құрылғы жоғары электр энергиясының разрядын қамтамасыз ету арқылы жүректің соғу ырғағы дұрысталып, жүрек өз жұмысын қалпына келтіреді.
Кардиовертер дефибрилляторын имплантациялау – өмірге қауіп төндіретін жүрек соғысының бұзылысы бар науқастарды кенеттен аритмиялық өлімнен қауіпсіз қорғаудың және оның өмірін ұзартудың жалғыз жолы.
Бұл операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде тегін жүргізілді. Бүгінгі күні ота жасалған науқас өзін қанағаттанарлық сезініп, интервенциялық кардиология бөлімінде емін жалғастыруда. Дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында науқастың денсаулығына төнер қауіп жоқ.