Ордабасы аудандық орталық ауруханасының эндокринолог дәрігері Б.К.Жапаров пациенттер арасында «Қант диабеті» денсаулық мектебі бойынша семинар өтті.
Қант диабетімен ауратын адамдардың өзін-өзі басқару, нақты өмір сүру жағдайына жүргізілетін емге бейімделу әдістеріне үйрету, рационалды тамақтану ережелерін, жіті және созылмалы асқынулардың алдын алуға үйрету және ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Тыңдаушылар тырнағының сынғыштығы бойынша және дәрілеріне , ішетін тамақтары бойынша, инсулин бойынша сұрақтарын қойып дәрігерден қанағаттанарлық жауап алды.Қант диабеті — инсулиннің бездік немесе безден тыс жеткіліксіздіктерінде, қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады.
2 түрдегі қант диабеті кезінде жалпы хал-ахуалдың нашарлығы, әлдің құруы, іштің ауруы, құсу, ауыздан ацетон иісінің шығуы байқалады. Бұл қанда кетоновтық заттарың (кетоацидоз) жиналып қалуымен түсіндіріледі. Егер дер кезінде шара қолданбаса, науқас есінен тануы мүмкін – диабет комасына түсіп, көз жұмуы ықтимал. Шамадан тыс инсуллин қабылдаған кезде және қандағы глюкозаның күрт түсуінен адам комаға түсуі мүмкін.
Диабет кезінде асқынуларға тап болмау үшін үнемі қандағы қант деңгейін бақылап тұсу керек және емдеу қажет.
Ауруды анықтау және емдеу
Қант диабетіне шалдыққандар міндетті түрде эндокринолог дәрігердің тіркеуінде болуы шарт.
Қант диабетін анықтау үшін келесі зерттеулер жүргізіледі:
Қандағы глюкозаны анықтау: аш қарынға капиллярық қандағы (саусақтан алынатын қан) глюкозаны анықтау .
Глюкозаға толеранттылықты тексеру: аш қарынға 75 г глюкозаны 1-1,5 стақан суға араластырып ішіп, 0,5-2 сағаттан кейін қандағы глюкозаның концентрациясын анықтау;
Зәрдегі глюкоза мен кетонов денелерін анықтау: егер зәрде бар болса, демек, адам науқастанған.
Гликозилирдік гемоглобин: қант диабетіне шалдыққандарда көп мөлшерде болады.
Қандағы инсулин мен С-пептидтерді анықтау: 1 түрінде қандағы инсулин мен С-пептидтердің саны азаяды, 2 түрінде қалыпты болуы мүмкін.Қант диабетімен ауырудың қарқынды өсуі — әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының жаһандық проблемалардың бірі. Бүгінде ғаламшардың шамамен 200 млн. тұрғыны осы аурумен қасірет шегуде. БДСҰ-ның сарапшыларының болжамына сәйкес қант диабетімен ауыратын аурулардың саны 2015 жылға 300 млн. адамға артады. Қант диабеті неғұрлым елеулі медициналық-әлеуметтік әлемдік проблемаға айналып отыр, атап айтқанда Еуропадағы қант диабетімен ауру-сырқау 2-5 % құрайды, ал 15 жас пен одан үлкен жастағы аурулар жалпы саны 13-32,5 млн. жетіп артылады. Емдеудің қазіргі заманғы әдістері бар болған күннің өзінде қант диабеті АҚШ-тағы өлім-жетімнің мәні бойынша төртінші орын алып отыр.
Бүкіл әлемдегі ауруды тудыру мен қант диабетін таратушылықтың ұлғаюының ортақ себебі өмір салтының, тамақтану мәдениетінің, өмірлік процесс қарқынының, халықтың урбандалуы мен қартаюының өзгеруіндегі үрдістермен байланысты.
Қант диабетімен ауру-сырқаудың өсуімен байланысты негізгі проблемалар:
Қант диабетімен аурушаңдық жаһандық эпидемияға айналуда. *Әлемде қант диабетімен ауыратын адамдар санының қарқынды өсуі көптеген деректермен расталып отыр.
*Қант диабетімен ауыратын адамдар санының өсуімен қатар мүгедектікке әкеп соғатын осы аурудың асқынуынан зардап шегіп отырған аурулардың саны ұлғаюда.
*Диабетпен және оның асқынуымен байланысты өлім-жітім күрт өсуде. *Қант диабетімен ауыратын адамдардың өлімі статистикалық орташа көрсеткіштерден бірнеше мәрте асып түседі және 75-80% жағдайларда жүрек-қан тамырлары кризистерімен байланысты болады.
*Жоғарыда айтылған факторлардың барлығы қант диабеті мен оның асқынуларын емдеуге арналған шығыстардың екпінді өсуіне ықпал етеді, бұл мемлекетке барынша үлкен шығын әкелмек.