Бүгін «AMАNAT» партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партиян филиалының төрағасы Арман Басаровтың қатысуымен, қалалық орталық аурухана басшысы Утебаев Асылбек Бақытбекұлы, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің № 2 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Алиев Шерзод Бахтиярұлы, Кентау қалалық емханасының басшысы Мырзабеков Ғани Бахтиярұлы денсаулық мәселесі бойынша тақырыптық қабылдау өткізді.
Қабылдауға жүгінген қала тұрғыны Д.Килыбаев өзінің денсаулығына байланысты мүгедектікке шығаруға көмек беруін сұрады. Ал, қала тұрғыны М.Байметова денсаулығына байланысты тиісті дәрігерге есепке тұруға, ары қарай емделуге көмек сұрады. Ал П.Кулпейсова өз мамандығы бойынша (техник – стоматолог) жұмысқа орналасуға көмек сұрай келген болатын.
Аталған өтініштер бойынша Денсаулық саласының мамандары тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіп, азамат Д.Килыбаевқа мүгедектікке шығаруға көмек беретінін жеткізсе, М.Баиметованы тиісті арнайы дәрігерге есепке алып, емделуге ықпал жасайтынын, ал А.Кулпейсоваға «Мансап» орталығына тіркеліп, емханаға ақылы – қоғамдық жұмысқа алынатыны жеткізілді.
Қосымша ақпарат. Қызылша ауруының балалар арасында көптеп таралудың алдын алу жұмыстары ретінде елді мекендерде жаппай иммундау яғни вакцина, екпе егу жұмыстары жүзеге асырылуда. Түркістан облысында 2024 жылдың басынан бері қызылша ауруына шалдыққан 299 науқас тіркелген. Оның ішінде 81,2%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар, 56-сы — ересек адам. Қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі — екпе салдырмағандар. Айта кетерлігі, облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен «Түркістан облысында қызылша ауруын азайту және одан әрі таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік штабының құрамы» бекітілген. Қазіргі таңда облыстағы медициналық ұйымдарда жұқпалы ауруларға арналған төсек-орын саны — 625. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты қосымша 407 төсек-орын ашылып жалпы 1 032 төсек-орын бар.