Сонымен қатар Бәйдібекте жаңадан іске қосылған инсульт орталығының жұмысы қарқынды. Инсульт ауруына шалдыққан науқастарға осы орталықта сауықтырудың бірінші, екінші кезеңдік дәрігерлік көмегі көрсетіледі. Инсульттің ишемиялық түрінде тромболизистік ем қолданылады. Геморрагиялық түрінде түрлі бас миына оталар жасалады. Ауданның бас дәрігері Гүлдария Шардарбекова аудан әкіміне орталықтағы инсульттің алдын алу және емдеу үшін аса қажетті заманауи компьютерлі томограф аппараты орнатылып, іске қосылғандығын баяндап, емдеу ісіндегі артықшылықтарын түсіндірді. Компьютерлі томограф аппараты адамның ағзасындағы қан-тамыр жүйесін толықтай зерттеуге мүмкіндік береді. Енді ауданындағы ауылдық, елді мекен тұрғындарының облыс орталығы мен басқа да қалаларға барудың қажеті жоқ. Орталықта науқастардың ауру деңгейін анықтайтын компьютерлі томограф аппараты тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсететін болады. Медицина мамандарымен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.
Елімізде әсіресе Түркістан облысында медицина саласы айтарлықтай дамып келеді. Қазақстанда теңдесі жоқ, ерекше әдістеме ойлап табылды. Бұл жобаның авторы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жоғары білікті логопед-дефектологы Рауан Байчинов. Жоба авторының айтуынша, бұл әдістеме үш жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған. Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, жас ғалым авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар тізіліміне мәлімет енгізу жөнінде куәлік алған. Жобаны дайындау кезінде тікелей ғылыми кеңесші болған – педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР ЖАК доценті Кульчария Коккозева. «Кохлеарлы импланты бар мектеп жасына дейінгі қазақ тілді балалардағы дауыстың интонациялық құрылымдарын зерттеу» атты ғылыми жоба 2018 жылы басталған. Бүгінгі таңда 86 балаға зерттеу жүргізілді. Оның жетеуі дыбыстар мен сөйлеуді қабылдау, дыбысқа еліктеу, сөз тіркестері және қарапайым сөйлемдер атты төрт кезеңнен тұратын қайта оңалтудан өтуде. Рауан Байчинов осы әдіспен екі жылдан бері оқытылып жүрген балалардың бірі бүгінде сөйлем құрап, сөйлеп жүргенін айтады. Тағы біреуі кохлеарлы имплант қойғалы дыбыстар мен дауысқа елеңдемейтін болған. Бірақ екі ай бойы арнайы әдістемемен үйретілген бала дыбыстарды жақсы қабылдап, жақсы ести бастаған. Дегенмен, ол әлі қайта оңалтудың үш кезеңінен өту тиіс. Бүгінде бұл әдістемені ШҚО білім басқармасының облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі, «Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер қауымдастығы» қоғамдық ұйымы және университет базасында ашылған «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім орталығы қызметкерлері қолданып жүр. Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына Италия елінде шығарылған «Euroampli Alien 3030 Cardio» кардиохирургиялық операциялар мен зерттеулерге арналған мобильді ангиограф орнатылды. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап жоспарлы түрде ота жасалуда. Жоспарлы түрде келген науқастарға МӘМС аясында тегін көмек беріледі. Ал шұғыл түрдегі отаға «Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек» (ККТМК-ГБОМП) түрімен жүзеге асырылып отырады. Айта өтейік, Сарыағаш ауданы бала туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда келе жатыр.