Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында 5 науқасқа жоспарлы түрде коронорографиялық ота және коронарлық артерияларды стендтеу отасы жасалынды. Түркістан облыстық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен ШЖҚ «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» МКК-ның басшысы мамандарды оқытып, біліктіліктерін арттырып, медициналық көмек түрін аудан тұрғындарына ауқымды түрде жүргізуді жолға қойды. Бүгінгі ота жасау кезінде аурухананың дәрігерлері алғашқы оталарын сәтті жасады. Ауруханада Сарыағаш ауданының тұрғандары ғана емес, көрші аудандардың тұрғындары да медициналық көмекке жүгіне алады. Нақтырақ атап өтсек, Келес ауданы, Мақтаарал ауданы, Қазығұрт және Шардара аудан тұрғындары коронарлық ангиография және коронарлық артерияларды стенттеу, аортография, төменгі аяғындағы ангиопластика және стенттеу артериографиялық ота түрлері бойынша Сарыағашта емделеді. Басты мақсат — заманауи көпсалалы орталық ауданаралық ауруханалар желісін ұйымдастыру. Бұл ауыл тұрғындарына жедел және мамандандырылған медициналық көмекті дер кезінде көрсетуге мүмкіндік береді. Аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы облыс бойынша Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында алғашқылардың бірі болып қолға алынған. Бұл бағыттағы жұмыс жанданады Сонымен қатар Өткен жылдың қорытындысымен Түркістан облысы бойынша МӘМС үшін 23 млрд теңгеден астам жарна аударымдары түскен. Аталған қордың облыстық филиалының директоры Асхат Бейсенбаевтың айтуынша, жалпы жиналған қаржының 12 млрд 962 мың теңгесі – жұмыс берушілердің аударымдары, жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 1 млрд 74 мың теңге, ал 76 мың теңге бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша аударылған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары – Ұлттық банкте сақталады да медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасалып, тексерілгеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі.
Түркістан облысында ауыл медицинасын дамытуға айырықша күш салынып жатыр. Тұрғындар енді операция жасату үшін қалаға бармайды. Себебі жергілікті ауруханалар заманауи құралдармен жабдықталып, білікті дәрігерлер жұмысқа тартылмақ. Келесі жылдан бастап бір-біріне іргелес орналасқан бірнеше ауданның ауруханалары бірігеді. Жанболат Ділдәбеков Түркістан облысының бас трансплантологы. Хирург адам ағзасын ауыстырудан бөлек асқазан, ішек, өт жолы сияқты басқа да күрделі операция жасайды. Білікті дәрігер осыған кейін Түркістан орталық ауруханасын бірнеше жыл басқарды. Жақында Сайрам аудандық орталық ауруханаға ауысты. Енді ол ауылдық жерде де күрделі операцияларды жасай беретін болады.
Түркістан облысында, Түркістан қаласында оның ішінде медицина саласына қосқан үлесіміз деп санаймыз. Сайрам аудандық орталық ауруханасы Түлкібас, Төле би аудандарының ауданаралық ауруханасы болып жоспарланып отыр. Күрделі операциялар жасалады. Мысалы, бауыр, асқазан, ішек жолдарына жасалады. Лапароскопиялық операциялардың барлық түрі жасалады. Зат алмасудағы операциялар, семіздік, қант диабеті, барлық операция түрі ендірілді. Тәжірибелі хирургті ауданға ауыстыру үлкен жобаның басы ғана дейді мамандар. Себебі келесі жылдан бастап бір-біріне іргелес орналасқан бірнеше ауданның жергілікті ауруханалары біріктіріледі. Заманауи жабдықтармен қамтылып, дәрігерлер біліктілігін арттырады. Сөйтіп, бұрын облыс орталығында ғана іске асырылатын күрделі операциялар аудандық ауруханаларда жасалады. Бұл әсіресе ауыл тұрғындары үшін тиімді болмақ.