Өткен жылы Медициналық инфрақұрылымды дамыту мақсатында Түркістан облысында 78,5 млрд. теңгеге 7 жаңа нысан салынып бастаған болатын. Сондай-ақ, Түркістанда модульді инфекциялық аурухана салынды. Өңірдегі 8 емдеу нысандары күрделі жөндеуден өтуде. Оның 6-ы пайдалануға берілді. Бұл жайлы денсаулық сақтау саласының кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың қатысуымен өткен алқа отырысында Қоғамдық денсаулық басқармасы 2020 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, перспективалары талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Басқарманың қызметіне оң баға беріп, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
«Статистикалық деректерге сүйенсек, халық санының өсуі бірінші кезекте туу көрсеткішіне және ана мен бала денсаулығына тікелей тәуелді. Облыста ана мен бала өлімін төмендету үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, әлеуметтік ахуалды түзету бағытында біршама істер атқарылды. Бүгінде Түркістан облысы ана өлімі бойынша республикада 16.3 көрсеткішімен ең соңғы орында. Сәби өлімі бойынша еліміздегі көрсеткіш 7.1. Бұл дәрігерлердің тынымсыз еңбегінің жемісі. Сондай-ақ, облыс бойынша негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өткен жөн. Осылайша, соңғы жылдары өңірде өмір сүру ұзақтығы артып, жалпы өлім-жітім, туберкулез 26.5% төмендеген. Қатерлі ісік аурулары, қан айналымы жүйесі аурулары да едәуір азайды»,- деді өз алқа отырысында сөз алған Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Пашимов.
Жалпы Түркістан облысы халқының саны 2 116 450 адамға жеткен. Оның ішінде қала халқы 517981 адамды, ауыл халқы 1 598 469 адамды құрады. Бір жыл ішінде өңірде 53 123 сәби дүние есігін ашқан. Аталған мерзімде 27137 ұл және 25986 қыз туылған. Облыс бала туу бойынша республика деңгейінде көшбасшылардың қатарында тұр, оның үлесі 14,4% құрады. Жалпы, елімізде бір жыл ішінде халықтың табиғи өсімі 268,8 мың адамды құрады. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан (27,23) облыстарында және Шымкент қаласында (26,34) байқалды.Түркістан облысында 50-ге жуық ауылда жаңа медициналық нысандар бой көтереді. Ауқымды жоба 2023-2024 жылдары аралығында іске аспақ. Атап айтқанда, медициналық және фельдшерлік пункттер мен дәрігерлік амбуллаториялар салынады. Бұл жөнінде Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары мәлімдеді. Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, өңірде ауданаралық 4 аурухана қайта жаңғыртылып, жасақталады. Сарыағаш, Сайрам, Ордабасы және Жетісай аудандық ауруханаларына «Алтын сағат» жүйесі енгізіледі. Нәтижесінде 1 сағаттың ішінде инсульт пен инфарктқа шалдыққандарға, сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Ол үшін аудандық ауруханалар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және білікті мамандармен қамтылатын болады. Бұдан бөлек бірінші вице-министр, Түркістандағы құрылысы тоқтап тұрған көпсалалы облыстық аурухананың жағдайы туралы баяндады. Айта кетейік, 630 орындық медициналық орталықтың құрылысы белгісіз себептерге байланысты былтыр тоқтап қалған болатын. Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары: — Мемлекеттік экспертиза дейді, ең негізгі құжат. Соны жақын арада ғана алды. Келесі процедура Денсаулық сақтау министрілігінің және Ұлттық экономика министрлігінің экспертизасын алу керек. Одан кейін ары қарай Денсаулық сақтау министрілгі мен жекеменшік әріптестік аясында қол қойылғаннан кейін құрылыс ары қарай жалғасатын болады.