Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы дәрігерлері науқасқа ота жасап, 9 келі ісікті алып тастады.
Түркістан облыс орталығына айналғалы ондағы денсаулық саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Осыған орай, ауыл-аймақтарда медициналық нысандар салынып жатса, кей жерлерде тың тәжірибелер іске асырылып келеді. Дәлірек айтсақ, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында онкохирург дәрігерлері 1991 жылғы науқасқа ота жасады. Нәтижесінде оң жақ бүйрекпен бірге 9 келі ісікті алып тастады.
Операция өте күрделі болды, шамамен төрт сағатқа созылды. Алайда, дәрігерлердің тәжірибелі болғанының арқасында ота сәтті шықты. Және тағы бір қуанарлығы – операциядан кейінгі материалды гистологиялық тексеру ісіктің қатерсіз екені анықталды. Онкохирург Е.Ақбердиевтің айтуынша, қазіргі уақытта науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында 2024 жылдың алғашқы бүйрек трансплантациясы жасалды. Бұған дейін аталған ауруханада былтыр 8 бүйрек ауыстыру отасы жасалған болатын. Бұл жолы 24 жасар перзентіне 45 жастағы анасы бір бүйрегін берді
2000 жылы туған реципиентке созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Ол өткен жылдың наурыз айынан бері бағдарламалық гемодиализдің көмегіне жүгінген. Отаны Түркістан облысының бас трансплантологы, облыстық клиникалық ауруханасының басшысы Ж.Ділдабеков, гепатопанкреатобилиарлы хирургия және ағзаларды трансплантациялау бөлімшесінің меңгерушісі Е.Тауасаров, нефрологиялық орталықтың меңгерушісі В.Ли, урология бөлімшесінің меңгерушісі Ш.Байменов және гепатопанкреатобилиарлы хирургия және ағзаларды трансплантациялау бөлімшесінің дәрігерлері жүргізді. Күрделі операция сәтті аяқталды. Науқастардың жағдайы тұрақты, донор мен реципиент өздерін жақсы сезінеді. Реципиентте азотты токсиндердің төмендеуі түрінде оң динамика байқалады. Айта кетелік, 2023 жылы алғаш рет Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында тұрақты негізде ағза ауыстыру – бүйректерді трансплантациялау оталарын жүргізу қолға алынған болатын. Алғашқы отаны аурухана дәрігерлерінің қатысуымен еліміздің бас трансплантолог-хирургы Б.Баймахановтың өзі жасады.