Туа біткен ерін, таңдай жырығы және альвеолярлық өскіні бар науқастарды емдеу – өте өзекті мәселе. Бұл – күрделі туабітті патологиялардың бірі.
Түркістан қалалық орталық ауруханасына Астана қаласының Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығының жетекші маманы, Мәскеудегі Д.Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкология және иммунология, ұлттық медициналық зерттеу орталығында үздіксіз бірнеше рет тәжірибесін шыңдаған білікті маман Қанағат Қожамжаров жұмысқа қабылданып, алдағы уақытта тұрақты түрде аталған проблемалармен айналысады.
Түркістан қалалық орталық ауруханасында 2022 жыл басынан аталған жақ-бет хирургиясында жасалған күрделі қалпына келтіру және пластикалық ота түрлері – 30. Атап айтқанда, хейлопластика, реконструктивті хейлоринопластика, уранопластика, палатопластика, анкилопластика, альвеопластика, френулопластика және тағы басқа оталары жасалады.
Сонымен қатар аурухананың жаңадан ашылған консультативті-диагностикалық бөлімшесінде КМИС жолдама арқылы маман кеңесін және стационарлық көмекті алу үшін тіркелген емханадан жолдама рәсімдеу арқылы келуге болады.Түркістан орталық қалалық ауруханасында жүректің кенеттен тоқтап қалу қаупі жоғары пациенттерге отаның жоғары технологиялық инновациялық әдісі енгізілді.
Түркістан облысында алғаш рет, 2024 жылғы 13 қаңтарда «Түркістан қалалық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында стационардың интервенциялық кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Б.Усмановтың жетекшілігімен кенеттен жүрек өлімі қаупі жоғары пациентте кардиовертер – дефибриллятор жүйесін тері астына имплантациялау бойынша шеберлік – класс өтті.
Мамандар отаны «Кеңейтілген кардиомиопатия. Жүрек ырғағының бұзылуы, жүрекшелердің фибрилляция. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі » диагнозымен сырқаттанатын 62 жастағы ер адамға сәтті жасады. Мастер-класс өткізу үшін арнайы ҚР бас штаттан тыс аритмологы, «Қазақ аритмологтар қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор А. Әбдірахманов шақырылды.
Кардиовертер-дефибриллятор – бұл электронды антиаритмиялық құрылғы, жүрек ырғағын басқаруға арналған күрделі компьютер, оның өлшемдері кішкентай және кеуде қуысының жоғарғы бүйіріндегі тері астына ендіріледі. Құрылғы жүрек қызметін тұрақты бақылап, бір минутқа да жұмысын тоқтатпайды. Өмірге қауіп төндіретін аритмия (қарыншалық фибрилляция) пайда болған кезде құрылғы жоғары электр энергиясының разрядын қамтамасыз ету арқылы, жүректің сонғу ырғағы дұрысталып, жүрек өз жұмысын қалпына келтіреді.