Халықпен кездесу Түлкібас және Сайрам аудандарында өтті. Аудан тұрғындарымен кездесу барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Байдувалиев амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде денсаулық сақтау объектілерін салу мәселелері , медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру және жыл сайынғы жалақыны арттыру жөніндегі жұмыстарды банядады.
Халықпен кездесу барысында Асхан Мархабайұлы мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде ауыл аймақтардағы денсаулық сақтау саласын дамыту басты мақсаттардын бірі екендігін атап өтті.
«ҚР президенті қойған міндеттерді орындай отырып, денсаулық сақтау саласындағы барлық бағыттар бойынша жүйелі түрде жұмыс істеуде. Ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда, өңірдің медициналық ұйымдарын салуға, оларды жарақтандыруға және кадрлық әлеуетті арттыруға қаражат бөлінуде. Одан бөлек Түркістан облысындағы аудандарға МРТ және КТ аппараттарын қойылу жоспарлануда» – деп атап өтті А.Байдувалиев.
Кездесу соңында Денсаулық сақтау басшысы халықтын көкейінде жүрген барлық сұрақтарға жауап берді. Онымен қоса жеке қабылдау өткізіп, проблемалардың шешу жолдарын жауаптылармен талқылады.
Еске салсақ,Түркістан облысында алғаш рет, 2024 жылғы 13 қаңтарда «Түркістан қалалық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында стационардың интервенциялық кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Б.Усмановтың жетекшілігімен кенеттен жүрек өлімі қаупі жоғары пациентте кардиовертер – дефибриллятор жүйесін тері астына имплантациялау бойынша шеберлік – класс өтті.
Мамандар отаны «Кеңейтілген кардиомиопатия. Жүрек ырғағының бұзылуы, жүрекшелердің фибрилляция. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі » диагнозымен сырқаттанатын 62 жастағы ер адамға сәтті жасады. Мастер-класс өткізу үшін арнайы ҚР бас штаттан тыс аритмологы, «Қазақ аритмологтар қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор А. Әбдірахманов шақырылды.
Кардиовертер-дефибриллятор – бұл электронды антиаритмиялық құрылғы, жүрек ырғағын басқаруға арналған күрделі компьютер, оның өлшемдері кішкентай және кеуде қуысының жоғарғы бүйіріндегі тері астына ендіріледі. Құрылғы жүрек қызметін тұрақты бақылап, бір минутқа да жұмысын тоқтатпайды. Өмірге қауіп төндіретін аритмия (қарыншалық фибрилляция) пайда болған кезде құрылғы жоғары электр энергиясының разрядын қамтамасыз ету арқылы, жүректің сонғу ырғағы дұрысталып, жүрек өз жұмысын қалпына келтіреді.