Еске салсақ, осыған дейін Денсаулық сақтау министрі «Қамқор» балаларды оңалту орталығында болған еді. Бұл тірек-қимыл аппараты бұзылған, БЦП, аутистік спектрі бұзылған балаларға көмек көрсету үшін заманауи жабдықтары мен мамандар штаты бар, жалпы ауданы 500 шаршы метр заманауи қалпына келтіру емі орталығы.
Мұнда жыл сайын 360-қа жуық мүмкіндігі шектеулі балалар тірек-қимыл, сөйлеу және дененің басқа да функцияларын қалпына келтіру курстарынан өтеді.
Орталықта білікті мамандар кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді және жаңа емдеу әдістері арқылы нейро-ортопедиялық ауытқулары бар балалар мен жасөспірімдерге сауықтыру іс-шараларын өткізеді.
«Мемлекет басшысы жариялаған бала жылында біз балаларды сауықтыру, профилактикалық тексерулерден өту үшін жағдай жасауға бағытталған бірқатар іс – шараларды жүзеге асырамыз және дене функциялары бұзылған балалар өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін осындай оңалту орталықтарының жұмысын барынша қолдаймыз», – деп атап өтті А.Ғиният орталықты аралау барысында.
Министр барған келесі нысан қалалық емхана болды. Оның 8 филиалы бастапқы медициналық көмек алатын 95 мың тіркелген халыққа қызмет көрсетеді.
Министр үздік тәжірибелер орталығының жұмысымен танысты, онда бас дәрігер Райымбек Тасырбаев созылмалы аурулары бар пациенттерді жүргізу тәжірибесі, балаларға прогрессивті патронаж әдістемесін қолдану туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Медицина тек ауру адамдарға жұмыс істемеуі керек, ол аурудың алдын алуға, әсіресе емдеу жолы аз ауыр кезеңдерді алдын алуға көмектесуі тиіс. Маған осы емханада қолданылатын алдын алудың тәсілдері ұнайды, сауатты оқытылған дәрігерлерді кездестіргеніме қуаныштымын, енді үздік практиканы одан әрі дамыту, пациенттерді өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікке тарту қажет», – деп атап өтті Ажар Ғиният, емхана дәрігерлеріне арнаған сөзінде.
Медициналық нысандарды аралағаннан кейін Денсаулық сақтау министрі өңір жұртшылығымен есептік кездесу өткізді.
ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы сөз қозғай отырып, ол «Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы бекітілгенін және биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заң қабылданғанын атап өтті.
Ол қазіргі уақытта медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы заң жобасын қабылдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, ол сақтандыру қаражаты есебінен пациенттердің денсаулығына келтірілген залалды өтеуді көздейтінін айтты.
Сонымен қатар, дәрігерлердің жалақысын көтеру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жаңғырту, Қазақстанда медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.
«Денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын-алғашқы медициналық-санитарлық көмек-бұл халыққа көрсетілетін барлық медициналық көмекті үйлестіретін қызмет. Біздің мақсатымыз-ауылдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңарту, ауылдық елді мекендердің тұрғындарын диагностикалау және емдеу үшін оларға жағдай жасау», – деп атап өтті А.Үиният.
Түркістан облысында ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарының саны – 705, 2025 жылға дейін ауылда 142 нысанның құрылысы мен ашылуы жоспарлануда.
Сондай-ақ, халық саны 50 адамға дейінгі елді мекендерде үйде медициналық қызметкермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді, бұрын бұл ауылдарда мұндай мүмкіндік болмаған.
Ведомство басшысы өңір тұрғындарына жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз арнайы мамандарға қолжетімділік туралы айтып берді, бұл енді амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларында жазылған.
Сондай-ақ, оның айтуынша, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде тексеру мен емдеуді жеделдету үшін «жасыл дәліз» енгізілген, оның шеңберінде онкологиялық ауруға күдікті пациенттер 18 жұмыс күні ішінде консультация алып, тексеріледі.
Бұдан әрі ол денсаулық сақтаудың басым бағыттарының бірі ана мен баланы қорғау болып қала беретінін атап өтті, сондықтан қазір еліміздегі перинаталдық қызмет деңгейін көтеру міндеті тұр.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 8 перзентхана, оның ішінде Түркістан облысында – 2 перзентхана салу жоспарлануда», – деп хабарлады А.Ғиният.
«2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды, онда 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған. 2021 жылы Түркістан облысында 453 квота бөлінді, 62 әйел жүкті болды, 106 – сы бала туудың бақытына ие болдыі», – деді министр.
Сондай-ақ, ДСМ басшысы денсаулық сақтау жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету туралы айтты. Мәселен, 2021 жылы еліміздің өңірлеріне медициналық жоғары оқу орындарының 3050 түлегі бөлінді, оның ішінде Түркістан облысына – 180, биыл 170 түлек жіберу жоспарлануда.