ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасында жасалынған келісімшартқа сәйкес, Туркия Республикасында Стамбул қаласында «Туа біткен жүрек ақауларының Туркия елінде диагностикасымен емдеудін заманауи әдістері және Туркия елінің балалардағы қосарланған жарақаттардың шұғыл емдеу жолдары» тақырыбында өтетін біліктілік арттыру курсына Облыстық балалар ауруханасының кардиохирургиялық бригадасы (балалар кардиохирургі, балалар кардиологы, балалар реаниматологы-перфузиологы) және балалар хирургі, балалар нейрохирургі, балалар травматологы, балалар анестезиологы жіберілді.
Облыстық балалар ауруханасы дәрігерлері Түркістан Денсаулық Сақтау Басқармасына ризашылығын білдіреді. Бұл іс -шара медициналық қызметтің сапасын арттыруға өз ықпалын тигізетініне сенімдіміз.Түркістан облысында медицина саласы бойынша 45 мемлекеттік мекеме, 700-ден астам ұйым және 130 жеке меншік мекемелер, оның ішінде 36 емхана бар. Медициналық ұйымдарда 35 мыңнан астам дәрігер мен орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Жылына облыс халқына 3 миллионнан астам клиникалық-диагностикалық қызметтер, 900 мыңнан астам жедел жәрдем шақыртулары, 3,5 мыңға жуық санавиация шақыртулары жүргізіледі. 2023 жылы облыс халқы 14 млннан астам амбулаторлы қабылдауға жүгінген. Стационарлы көмек 2 млн-ға жуық көрсетілген, оның ішінде 547 291 емделушіге ота жасалған.
Материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесі қарастырылуда. Тозығы жеткен техниканы жаңартуға байланысты нақты керек техниканы анықтау үшін сараптама жүргізілді. Кадрлардың біліктілікті арттыру үшін тиісті шаралар қолға алынуда. Ол үшін облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы базасында симуляциялық оқу орталығын құру жоспарланған. Серіктес-стратег шетелдік клиникалармен серіктестікті дамыту бағытында жұмыс жүргізілуде. Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарға 75 жедел жәрдем санитарлық автокөлігі тапсырылған еді.