Эндоскопия – бұл ішкі ағзаларды арнайы құрал – эндоскоппен зерттеу әдісі. Жыл сайын Түркістан қалалық орталық ауруханасының эндоскопия кабинетінде 1500 астам эндоскопиялық процедуралар орындалады – бұған диагноз қоюға арналған зерттеулер де, кейде елімізде сирек кездесетін және тиісінше сирек зерттелетін асқазан – ішек жолдарының ауруларын емдеу де кіреді, яғни жарықішілік диагностикалық және ота қызметтерінің жаңа емдеу тәсілдерінің барлық спектрі орындалады. Атап айтқанда, бүгінде аурухана мамандары эзофагогастродуоденоскопия (өңешті, асқазанды және он екі елі ішекті тексеру), бейнеколоноскопия (тоқ ішекті тексеру) және бронхоскопия жоғарғы, төменгі тыныс жолдарын тексеретін Түркістан қаласындағы жалғыз медициналық мекеме.
Эндоскопист дәрігерлер ас қорыту жолдары мен тыныс алу жолдарының ісіктермен бітелуі немесе тыртықты тарылу кезінде стенттеуді және баллонды кеңейтуді, полипэктомияны (полиптерді алып тастау), беткейлік ісіктері бар шырышты қабықтың резекциясын (алып тастауды), өңештегі көк тамырларды байлау оталарын, асқазан және ішек жолдарынан қан кеткенде клипс орнату және инъектор арқылы гемостатикалық дәрілерді енгізу арқылы қан тоқтату, бөгде заттарды алу әдістерін кеңінен қолданады. Сонымен қатар, өт жолдарының патологиясын тексеру және емдеу шаралары жүргізіледі, мысалы: ретроградтық холангиография (өт жолдарының рентгенографиясы), папиллосфинктеротомия – үлкен дуаденальды папилланың үстінен өту, литоэкстракция – арнайы құралмен осы жолдардағы тастарды алып тастау арқылы өт ағынын қамтамасыз ететін оталарды орындайды.
Эндоскопиялық қызметтердің оңтайлы жағы – аз инвазивті, кесілмейді және пациенттердің ауруханаға жату қажеттілігі жоқ, нәтижесінде пациенттерде оңалту кезеңі ұзаққа созылмайды. Бұл процедуралардың шамамен 90% стационарда амбулаторлы негізде жасалады.
Аталған қызметтерді кез – келген сақтандырылған азамат МӘМС шеңберінде мамандандырылған медициналық көмек бағдарламасы бойынша және тіркелген емханасы арқылы жоспарлы жолдамамен аурухананың консультативті диагностикалық орталығында тегін немесе аурухананың прейскуранты бойынша ақылы өте алады.