Түркістан облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Асхан Мархабайұлы Кентау қалалық емханасында іс-сапармен болды. Облыстың бас дәрігері емхананың жұмыс барысымен танысып, тұрғындармен жылы сұхбат жүргізді. Емхана базасында жұмыс істеп тұрған аппараттармен жеке жеке танысып, мамандармен тілдесті.
Әр бөлімнің жұмысымен жеке жеке танысып шыққан жаңа басшы әріптесетеріне сәттілік тіледі.
Аралау аяқталған соң емхананың мәжіліс залында қызметкерлердің қатысуымен жиналыс өтті.
Жиналыс барасында алғы сөз алған Асхан Мархабайұлы: «Медицина саласы көп ізденісті талап ететін сала. Бүгінгі заманғы дәрігер ылғи да ізденіс үстінде болуы керек. Жиі ғылыми кітаптар оқығаны абзал» – деп өз ақыл-кеңесімен бөлісті.
Айта кетейік, Кентау қалалық емханасының жаңа ғимараты 2020 жылы пайдалануға берілген. Емханада ересектерге және балаларға кешенді стоматологиялық көмек, ребилитациялық көмек көрсетіледі. Емхана базасы офтальмологиялық аппарттармен, рентген, УДЗ және маммографиялық аппаратармен қамтылған. Одан бөлек тұрғындар үшін күндізгі стационар жұмыс істеп тұр.
Айта кетсек, Жыл басынан бері облыс бойынша қызылшаға күдікті 1160 жағдай тіркеліп, 441 қызылша диагнозы расталды. Қызылшамен ауырғандың 65%-ы баланың ата аналары әр түрлі себебтермен егуден бас тартқандар. Оның ішінде Діни көзқараспен 52,6% бала екпе алмаған.
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы вакцинациялау! Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес 6 қарашадан басталған қосымша жаппай иммундау науқанында жалпы екпе алғандар саны 2721 жетіп отыр.
Түркістан облысының медицина қызметкерлері тұрғындар арасында қызылшаның өршуіне жол бермеу мақсатымен арнайы іс шаралар қабылдап, жұмыс жүргізуде. Қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы вакцинациялау болғандықтан, елімізде осы індетке қарсы тәуекел топтарын жаппай вакцинациялау басталды. Облыс бойынша қызылшаға қарсы жаппай иммундауға 178 430 адам жоспарланып отыр.
Түркістан облысында қызылша ауруын азайту және одан әрі таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік штаб құрамы айқындалып облыс әкімінің орынбасары Б. Тәжібаевпен бекітілді. Сондай-ақ, қызылшаға қарсы қосымша жаппай имммундауды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы бекітілген штаб құрамы мен іс-шаралар жоспарына сәйкес апта сайын жиналыс өткізіліп, мекемеаралық жұмыстар күшейтілуде.