Ордабасы аудандық орталық аурухана бас мейірбикесі М.А.Джасимбекова Препараттарды сақтау нұсқаулығын бұлжылтпай ұстану және кездейсоқ салдардын болдырмау үшін семинар өткізіп түсіндіру жүргізді.
Дәрі-дәрмектерді тасымалдау мен сақтау кезінде жоғары температура сияқты төмен температура да зиянды. Демек, егер салқындату тізбегінің сатысында бір режим бұзылса, өнімнің маңызы жоғалады.
Препараттардың науқас қабылдауға дейін стандартқа сәйкес келетін фармацевтикалық сақтау мен тасмалдау босату жөнінде талқылап сұрақ-жауап өткізді.
Көбінесе иммунобиологиялық препараттар – вакциналар, иммуноглобулиндер, анатоксиндер қатаң температуралық режимдерді сақтауды қажет етеді. Сақтаудың қажетті талаптарын бұзған жағдайда олар өзінің бастапқы сапасын жоғалтып қана қоймай, сонымен бірге ағзаға енгізілгеннен кейін жанама құбылыстардың пайда болуына, тіптен кері әсер тигізуі де ықтимал.
Дәрі – дәрмектерді тасмалдау мен сақтау кезінде жоғары температура сияқты төмен температура да зиянды. Демек, егер салқындату тізбегінің сатысында бір режим бұзылса, өнімнің барлық дерлік маңыздылығы жоғалады.
Препараттарды сақтау нұсқаулығын бұлтжылтпай ұстану және кездейсоқ салдарды болдырмау үшін «СҚ-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторы иммунобиологиялық препараттарды сақтауды GDP стандартына сәйкес келетін фармацевтикалық хабтар мен қоймаларда жүзеге асырады.
GDP (Good Distribution Practice, Тиісті дистрибьюторлық практика) – дәрілік заттарды өндірушілерден сатып алу процесінде бірізділік тәсілді белгілейтін халықаралық стандарт. GDP – өндірушіден бастап бөлшек сауда желісіне және медициналық мекемелерге дейінгі барлық жолда препараттардың сапасын қамтамасыз етуге бағытталған нұсқау. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған қағидаттарға негізделген.
Бірыңғай дистрибьютордың орталықтандырылған 4 сақтау хабы бар: терең салқындату – -15°С-тан төмен; тоңазытқышта +2°С-тан +8°С-қа дейін; салқын жерде +8°С-тан +15°С-қа дейін; бөлме температурасында +15°С-тан +25°С-қа дейін. Температура нормадан ауытқыған жағдайда дабыл және жауапты тұлғаның СМС-хабарламасы іске қосылады.