Ордабасы ауданына қарасты Бәйтерек , С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектеп оқушыларына «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Дұрыс тамақтану», «Нашақорлықтың алдын алу», «Темекі және алкогольдың зияны»,тұралы түсіндіру мақсатында емхананың «Жас орда» жастар денсаулық орталығы терапевті Н. Сейілхан, гинеколог Ж. Үргенішбаева, нарколог М.Сүлейменов білім бөлімі мамандарының қатысуымен кездесулер өткізді.Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбы өзекті мәселелердің қатарында. ДДҰ мәліметтері бойынша, бала өлімінің негізгі себептерінің бірі – жүктілікті үзу және ерте босану.
Ерте жүкті болған қыздар білім алу мүмкіндігін жоғалтып, қоғамнан алшақтайды және олардың денсаулықтарына қауіп төнеді.
Медициналық көрсеткіштер бойынша 19 жасқа дейінгі жүктілік ерте деп саналады. Жасөспірімдердің жүктілігі үшін ең көп таралған кезең – 15-17 жас аралығы. Дәрігерлер атап өткендей, тек он сегіз жасқа дейінгі қыздың денесі жеткілікті түрде қалыптасқан және бала көтеруге, тууға толық дайын. Ерте жүктіліктің салдарынан жасөспірімдердің 70% – ы жасанды түсік жасап, 15% – ы түсік тастайды. Қыздардың тек 15% – ы ғана сәбилерін аман-есен жеткізіп, босана алады.
Қазақстанда жасөспірімдердің жүктілігі де алаңдарлық мәселеге айналды. Қазіргі уақытта жастардың 70% – ы 15 жасқа дейін алғашқы жыныстық қатынасқа түседі. Статистикаға сәйкес, мың адамға шаққанда кәмелетке толмағандардың саны 7,9 адамды құрайды, ал жасөспірімдер арасында мың қыздың үшеуі түсік жасатады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Жамбыл облысы бойынша әйелдердің жалпы саны 592 049 адамды немесе облыстың жалпы халқының 50,05% құрайды. Оның ішінде туу жасындағы әйелдер (15-49 жас)-261 830 немесе 44%. 14 жасқа дейін қоса алғанда – 181 879 немесе әйелдер жалпы санының 30,7%.
Жүкті және туу жасындағы әйелдер тізілімі ақпараттық жүйесінің мәліметтері бойынша, 2023 жылдың 6 айында кәмелетке толмағандар арасында түсік түсірудің 2 жағдайы тіркелген, ал 2022 жылы 4 жағдай тіркелді. 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жүкті әйелдер арасында 18 жасқа дейінгі босану саны – 66, өткен жылдың осы кезеңінде – 75 босану.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жасөспірімдер арасында босану санының 12% – ға төмендеуі байқалады. Төмендеу 17 жас санатында болған. Алайда, 15 және 16 жастағы қыздар арасында босану саны артып келеді. 16 жасында түсік жасату да орын алған. Бірінші жартыжылдықтың соңында 113 жүкті жасөспірім есепте тұрған.
Сондықтан, жастармен және жасөспірімдермен контрацепция және жыныстық қатынастың салдары туралы сөйлесу керек.
Балаңызбен достық қарым-қатынас орнатуға, оның жеке өміріндегі өзгерістерден хабардар болуға және қажет болған жағдайда оңды кеңестер айтып, көмектесіп немесе моральдық жағынан қолдау көрсетуге тырысыңыз.