Зуфтарова Х.К. «Артериалдық қысымы» денсаулық мектебінде емханаға келген қаралушыларға Артериалдық гипертензияның алдын алу бойынша сабақ өткізді.
Артериалдық гипертензиясы бар науқастар мектебінде оқытудың негізгі мақсаттары:
АҚ жоғарлауы мен АГ асқыну симптомдары, себептері туралы науқастардың білімін кеңейту (мидың қанайналымының бұзылуына, стенокардия, миокард инфарктына айналатын гипертониялық күрт асқыну);
Аурулардың қалыптасуына мүмкіндік туғызатын және оның асқынуының даму тәуелділігін айқындайтын факторларды зерттеу;
Артериалдық гипертензиясы бар науқастарды үй жағдайында өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау жүргізуіне, күнделік жазуға, сонымен қатар артериялық қысым көтерілген жағдайда дәрігерге дейінгі өзіне-өзі көмектесу құралдарын қолдануды үйрету.
Науқастарға дұрыс тамақтану негіздерін, артериялық гипертония кезінде тамақ ішу ерекшеліктерін әдеттендіру;
Денсаулыққа жағымсыз әсерді төмендету үшін күйзеліс деңгейін төмендету, күйзелісті мінез-құлықты бақылау және оған жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша дағдыларды тәрбиелеу;
Дене массасын бақылау және оны оңтайлы деңгейде ұстау қажеттілігін сендіру;
Емделу, салауатты өмір салтын жүргізу және дәрігердің ұсынысын саналы орындау үшін науқастың өзіне тәуелді және ықтималдының барлығын қолдануға берік пікірді қалыптастыру;
Дәрігер қарап тексергенде ауру анамнезі мен шағымдарға талдау жасайды. Оған тұрақты белгілер қашан пайда болғаны, науқаста «жұмыс» қан қысымы қандай екені туралы ақпарат кіреді. Науқаста бар аурулар зерттеліп, тұқымқуалаушылық аурулары туралы сұрақтар қойылады.
Қарап тексеру кезінде дәрігер қан қысымын өлшейді. Қан талдауы жүргізіледі. Гемоглобин, эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттердің деңгейі анықталады. Жалпы зәр талдауы бүйректің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Міндетті түрде электрокардиография (ЭКГ), жиі – ЭхоКГ (жүрек УДЗ) жасалады.
Артериалды қан қысымының тәуліктік бақылауы (холтерлік бақылау) тағайындалуы мүмкін.
Қажет болған жағдайда бүйректің УДЗ, тамырлардың УДДГ тағайындалады.
Диагнозды нақты қою мақсатында науқасты қарап тексеру үшін қосымша мамандар, атап айтсақ, офтальмолог, гинеколог, терапевт, кардиолог жұмылдырылуы мүмкін.
Клиникалық белгілері
бас аурулары;
бас айналу;
жүректің әлсіз, жиі соғуы (тахикардия);
тершеңдік;
беттің қызаруы;
баста тамыр соғуын сезу;
қалтырау;
үрей;
есте сақтаудың нашарлауы;
ішкі күйзеліс;
ашушаңдық;
жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі;
көз алдында шыбын-шіркейдің көрінуі;
таңертең қабақ пен беттің ісінуі;
саусақтардың ісуі және жансыздануы.
Алғашқы көмек
Егер науқаста «артериалды гипертензия» деген диагнозы болса және ол қандай да бір дәрі-дәрмек қабылдап жүрсе, онда қан қысымы кенет көтерілген кезде (гипертониялық криз) криз кезінде арнайы тағайындалған препаратты беру керек. Егер ондай дәрі тағайындалмаса, күнделікті қабылдап жүрген дәрінің жоспардан тыс мөлшерін беріп, жедел жәрдем шақырту қажет.