Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Баланың дамуын бақылау » кабинетінде педиатр мейірбикесі Н.Ә.Шынарбекова аналарға арнап семинар өтті. Ата-аналардан балаларының ой-өрісін дамыту бойынша сұқбат алынды.
Баланы дамыту бөлмесі
Баланы дамыту бөлмесі балалардың денсаулығын дамыту, тәрбиелеу және қорғау мәселелері жөніндегі әдістемелік орталық болып табылады. Баланы дамыту бөлмесі тамақтану, дене тәрбиесі, балаларды шынықтыру мәселелері бойынша қажетті құралдар мен материалдар, ерте жастағы баланың дене және жүйке-психикалық даму нормативтерінің кестелері, әртүрлі жас топтарындағы балаларға арналған дене жаттығуларының схемалары, бала күнінің жас режимдері және басқа да әдістемелік материалдар бар. Баланы дамыту бөлмесінде анасына массаж және гимнастика жүргізуді үйрене алады, баланың жасын және даму ерекшеліктері бойынша ұсыныстар ала алады, жас балаларға ұсынылатын тағамдардың тізімімен, өнімдерді аспаздық өңдеу әдістерімен және т. б. таныса алады. Ерте жастағы балаларды патронаждық байқау және өткізу қағидалары перинатальды патронаж; даму мақсатында тамақтандыру (дені сау және науқас бала) және күтім бойынша ұсынымдар: «ана жадынамасы»; «ерте жастағы балаларды тамақтандыру» ұсыныстары; Қазақстан Республикасының профилактикалық егулерінің ұлттық күнтізбесі; азық-түлік пирамидасы; дені сау баланы және ауру кезінде тамақтандыру және күту бойынша ұсыныстар; ерте жастағы балаларға арналған массаж және гимнастика кешені; баланың ауруы кезіндегі «қауіп» белгілері және баланың дамуындағы қолайсыздық және т.б. Баланы дамыту бөлме жұмысындағы маңызды бөлімдердің бірі-емшек сүтімен емізу, кеңес беру және ананы сәтті емізу ережелеріне үйрету.Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек мектепалды баланың ойынға деген құлқы, қарым – қатынасы, мінезі олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді.
Ойын арқылы балалардың ой – өрісін жетілдіру
Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек мектепалды баланың ойынға деген құлқы, қарым – қатынасы, мінезі олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді.
Ойын процесі – тәрбиешінің пәрменді құралдарының бірі. Ойын арқылы балалардың ақыл – ой, адамгершілік, дене тәрбиесі жүзеге асырылады. Баланың жеке басының қалыптасуындағы ойынның маңызы ерекше. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Педагог «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын» басшылыққа ала отырып, әрбір жас тобына арналған ойын түрлерін талапқа сай іріктеп алып жоспарлайды. Балабақшада ойынның мазмұнына қарай мына түрлері ұсынылады.
Құрылыс материалдармен өткізілетін ойындар. Қимылды ойындар. Дидактикалық ойындар. Сюжетті – рольді ойындар. Музыкалық – дидактикалық ойындар. Аталған ойындарды, балалардың ойынға бейімділігі мен құмарлығына сай ұйымдастыра отырып, сыпайы, әдепті мінез – құлық дағдыларын және бірлесіп іс – әрекет ету, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ойын процесінде балалар жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен, қарау сезімі, басқалардың талап тілегімен санаса білуге, қиын жағдайда оларға көмектесуге, ойынға қажетті құралдарды пайдалану жөнінде келісіп алуға үйренеді.
Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне түрлі ақпараттар алады. Бала бір нәрсе туралы толық түсінік алуы үшін оны есту, көру, сезіну арқылы жүзеге асатындығын практика дәлелдеп отыр. Мысалы бала бірнеше секунд ішінде жазу үстелінде тұрған заттарды мұқият қарайды. Көзін жұмады да, есінде сақтағандарының бәрін айтып шығады. Осылайша балалардың тек есін ғана емес, зейінін дамытуға болады. Сәбилер тобының балаларының барабан соғу арқылы, не болмаса ойынның мазмұнына сәйкес үлкен ойыншықты жоғары көрсету арқылы тез жинауға болады. Ойынға жинау ұзаққа созылса, олардың ойынға деген ықыластары кеміп, ойын тәртібі бұзылады. Олар тәрбиеші не істесе соны қайталайды, оларға ертегілердің драмалық түрлері қолайлы. Мысалы: «Шалқан», «Бауырсақ», т. б. ертегілер арқылы драмалау достыққа, жолдастыққа деген ұғымдар қалыптастырылады.
Балалар шығармашылық ойын барысында жүгіріп ойнаумен қатар қуыршақтың көйлегін түймелейді, шашын тарайды, киіндіреді, ыдыс жуу, жинау пайдалы дағдыларға үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан – жақты ойдағыдай дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Сюжетті – рөлдік ойынды ұйымдастырудың екі жолын қарастырып көрелік.