Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 01 қарашадағы «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» № 7 қаулысына, «Халық арасында қызылша ауруының сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 102-бабының 1-тармағына сәйкес,емханамыздың бас дәрігердің орынбасары “Қызылшаға қарсы”штаб құрамының төрайымы мен штаб мүшелерін құрып,штаб отырысын өткізіліп, жұмыстары жүргізді.
ҚРДСМ 2021 жылғы 2 ақпанындағы ҚР ДСМ №13 бұйрығы негізінде “Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық талаптар”санитарлық қағидаларын бекіту туралы ҚРӘМ-нің 2021 жылғы 4 ақпандағы №22157 бойынша штаб құрамының төрайымы мен мүшелерімен жұмыс жүргізілді.
Күн тәртібіне сәйкес,қалалық емханада қызылшаның алдын алуға бағытталған іс-шаралар жайында баяндалып жеке жеке, пункттермен айтылып өтті.Сонымен қатар қызылшаның алдын алуға бағытталған жұмыстар,жоспарлар жайлы толық айтылып,саралап бақылау жұмыстарын жүргізу керектігін айтып өтті.
Жиын соңында штаб мүшелері ұсыныстар білдіріп,штаб төрайымы бірнеше тапсырмалар жүктеді.Түркістан облысында 2024 жылдың басынан бері қызылша ауруына шалдыққан 299 науқас тіркелген. Оның ішінде 81,2%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар, 56-сы — ересек адам. Қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі — екпе салдырмағандар.Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев дертке 4 жасқа дейінгі балалар жиі шалдығатынын айтты. Жастарына сәйкес инфекцияның тіркелуі бала-бақшалар мен мектептерде де орын алған. Қазіргі таңда қызылша аурушаңдығы бойынша байланыста болғандардың барлығы 21 күнге медициналық бақылауға алынған.
Айта кетерлігі, облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен «Түркістан облысында қызылша ауруын азайту және одан әрі таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік штабының құрамы» бекітілген. Қазіргі таңда облыстағы медициналық ұйымдарда жұқпалы ауруларға арналған төсек-орын саны — 625. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты қосымша 407 төсек-орын ашылып жалпы 1 032 төсек-орын бар.