Бүгін жатыр мойны обырының алдын алу апталығы аясында Ашық есік күні өтуде. Біздің пациенттерге алдын ала жазылусыз гинекологтар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен онкомаммологтар кеңес беруде. Сондай-ақ келгендердің барлығына осы аурудың алдын алу шаралары бойынша брошюралар табыс етілді.
Әйелдерді кеңес алуға және онкомаммолог және гинекологтардың тексеруінен өтуге шақырамыз!Жатыр мойнының обыры әйелдерде ең көп кездесетін онкологиялық дерттің бірі. Жатырдың төменгі бөлігінде жатыр мен қынапты біріктіріп тұратын мойын, яғни босану жолы бар. Жатыр мойнының обыры 16, 18, 31, 33, 35 немесе 39 түрге жататын адам папилломасының вирусынан туындаған цервикалды интраэпителиалды неоплазияя (CIN) нәтижесі болып саналады. Көбіне жатыр мойнының обырына 45-50 жастағы әйелдер шалдығады. Алайда онкологтар соңғы уақытта бұл аурудың жас әйелдерден де анықталып жатқанын айтуда.
Жатыр мойнының обыры алдында қатерлі емес және обыралды процестер болады. Қарапайым эктопия, эндоцервикоз, лейкоплакия, эндометриоз, жатыр мойнының тыртықты дефформациясы қатерлі емес процестерге, түрлі деңгейдегі жатыр мойнының дисплазиясы обыралды процеске жатқызылған.Жатыр мойны обыры – әйелдерде жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі, ол барлық ісіктердің 5%-дан астамын құрайды және 5-ші орында. Ол 40-60 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі, бірақ соңғы жылдары жасару үрдісі байқалады және 20-30 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі.
Жатыр мойны обыры бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу агенттігінің деректері бойынша, әлемде жыл сайын 500 мыңнан астам осы қатерлі ісікті жаңа жағдайлары тіркеледі және жыл сайын одан 300 мыңнан астам әйел көз жұмады.
Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, Жамбыл облысында 2020 жылы жатыр мойны обыры диагнозымен 545 әйел есепте тұрған, оның 74-і алғаш рет есепке алынды, 100,0 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші – 6,7-ні құрады. Жатыр мойны обырынан 38 әйел қайтыс болды.