Бүгін, Созақ ауданы Шолаққорған ауылы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің акт залында мектеп ұжымына аудандық аурухана Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен семинар-тренинг өтті.
Аудандық аурухана медицина қызметкерлері инфекционист-Е.Қаныбеков «ЖРВИ және Қызылша ауруының алдын алу», фтизиатр -Д.Аман «Туберкулездің алдын алу», мейіргер -З.Серік «Қант диабеті ауруы дегеніміз не? оның алдын алу жолдары» және онкомаммолог- И.Бейсембиева «Қатерлі ісік дегеніміз не, оның пайда болу жолдары және жатыр мойыны обыры қандай дерт» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тақырыпқа сай бейнежазбалар көрсетіп, ақпараттық парақшалар таратты.
Соңғы жылдары салауатты өмір салтын ұстану өзекті мәселеге айналды. Оған себеп халықтың жаппай қалалы жерлерге ығысуы, экология зардаптары, техниканың күрт дамуы адамның аз қозғалуына ықпал етпей қоймайды. Ал аталмыш факторлар адам ағзасына күннен-күнге кері әсер етуде. Денсаулық сақтау және мемлекеттік құрылымдар салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттауда, алайда бұл бағытта нәтижеге толыққанды қол жетпей жатыр. Себебі салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әр адамның өз қызығушылығы болуы тиіс, сондай-ақ оны материалдық әрі әлеуметтік тұрғыдан іске асыру үшін мүмкіндік қажет.Әрбір мемлекет өз азаматтарының денсаулығын сақтауды мақсат тұтады. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін халықтың медициналық қызмет көрсетуі қолжетімді болуы шарт, оған қоса аз қамтылған азаматтар мен жағдайы төмен отбасыларға арналған тегін іс-шаралар бойынша түрлі бағдарламалар қолға алынса.
Мемлекет заңнамалық және қаражаттық деңгейде ынталандыру және тыйым салу шараларын қолданады. Мұндай шараларға қылмыстық жауапкершілік болып табылатын есірткі өнімдерін қолдану және өндіруді, темекі және ішімдік өнімдерін жарнамасын таратуды, белгілі бір жерлерде оларды сатуды шектеуге, жас ерекшеліктеріне байланысты сатып алуды қамтамасыз етуге, салықты көбейтуге тыйым салуды, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған білім беру бағдарламаларында арнайы курстарды жүргізуді жатқызуға болады.