Биыл Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына 169250 адам тіркелген. 2023 жылы ауданда скринингтік тексеруден 83548 ересек адам, 76865 бала өтті. Нәтижесінде ауданда профилактикалық тексеру 100%-ға орындалды.
2023 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша скринингтік зерттеулердің орындалуы бойынша ересектер арасында:
Қанайналым жүйесінің аурулары бойынша жоспар бойынша 22674, 100%-ға орындалды;
Қант диабеті бойынша жоспар бойынша 22674, 100%-ға орындалды;
Глаукома бойынша 22674, 100 %-ға орындалды;
Жатыр мойны обыры бойынша 4364, 100%-ға орындалды;
Сүт безі обыры бойынша 4912 100%-ға орындалды;
Тоқ ішек бойынша 6250, 100%-ға орындалды.
Сондай-ақ 5179 адам қымбат диагностикалық қызметтермен қамтылды.
Бүгінгі таңда аудандағы медициналық ұйымдарда 2470 астам маман, оның ішінде 361 дәрігер және 1422 орта буын қызметкері жұмыс істейді.Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы 1989 жылы қолданысқа берілген. Соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілген.
Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына 2020 жылдың қазан айында орнатылған «Кислордная станция газозаполнительная компрессорная АТАSАМ ОХL» қондырғысының орнатылған.
Бүгінгі таңда оттегі станция нысаны толығымен іске қосылып, аудандық орталық аурухананың «А», «Б», «В» корпустардағы емделуші науқастарды 24 сағат тәулік бойы оттегімен қамтамасыз етілуде. Аурухана бойынша 138 оттегі нүктесі бар.
Өкпе қабынуы, тыныс жетіспеушілігі шағымы мен түскен науқастарға дер кезінде көмек көрсету үшін орталықтандырылған оттегі станциясына қоса 4 ИВЛ аппараты сатып алынып жалпы саны 31 ИВЛ жұмыс жағдайында. Қосымша 246 пульсоксиметр, (аймақтық мекемелерде 130), 153 контактісіз тепловизор алды және соңғы заманауи үлгідегі тепловизор экран орталық емханаға орнатылды, атқаратын қызметі келушілерге бет перде тағуды ескертеді және дене қызуын анықтап жаңғырық дауыста айтады. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен 35 оттегі концентраторы, 60 дана оттегі балоны, 1 ЭКГ аппараты, 2 дана манитор, 20 тонометр берілді. Аурухана КТ яғни компьютерлік томографиямен жабдықталған. Науқастардың нақты сырқатын (диагнозын) дер кезінде ертерек анықтау мүмкіндігі туды, әсіресе ес түссіз келген науқастардың сырқатын жедел анықтау.