30.01.24 жылы Ордабасы аудандық орталық ауруханасына қарасты Бадам БМСК жалпы тәжрибелі дәрігері А.Қ.Пирмакова Ауруларды басқару бағдарламасы бойынша «Артериалды гипертензия» бойынша емханаға келген қаралушыларға ақпараттандыру жұмыстары жүргізді.
Қазіргі медицинаның маңызды мәселелерінің бірі – жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары.
Ауруларды басқару бағдарламасы аясында Артериалды гипертензия бойынша науқастардың білімін арттыруға және ауруды ұтымды емдеуде, асқынулардың алдын-алуға және өмір сапасын жақсартуда практикалық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
Ауруларды басқару бағдарламасы бойынша науқастар өз ауруларымен, қауіп факторларымен хабардар ету,
науқастардың өз денсаулықтарына деген жауапкершілікті жоғарылату, ауруларынан айығуға ынталандыру, артериялық қан қысымын және дене салмағын өлшеуді қағидаландыру,
денсаулықтарына әсер ететін қауіп факторларынан аулақ болуды қадағалау бойынша айтылып өтті.
Емделу, салауатты өмір салтын жүргізу және дәрігердің ұсынысын саналы орындау үшін науқастың өзіне тәуелді және ықтималдының барлығын қолдануға берік пікірді қалыптастыру;
Дәрігер қарап тексергенде ауру анамнезі мен шағымдарға талдау жасайды. Оған тұрақты белгілер қашан пайда болғаны, науқаста «жұмыс» қан қысымы қандай екені туралы ақпарат кіреді. Науқаста бар аурулар зерттеліп, тұқымқуалаушылық аурулары туралы сұрақтар қойылады.
Қарап тексеру кезінде дәрігер қан қысымын өлшейді. Қан талдауы жүргізіледі. Гемоглобин, эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттердің деңгейі анықталады. Жалпы зәр талдауы бүйректің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Міндетті түрде электрокардиография (ЭКГ), жиі – ЭхоКГ (жүрек УДЗ) жасалады.
Артериалды қан қысымының тәуліктік бақылауы (холтерлік бақылау) тағайындалуы мүмкін.
Қажет болған жағдайда бүйректің УДЗ, тамырлардың УДДГ тағайындалады.
Диагнозды нақты қою мақсатында науқасты қарап тексеру үшін қосымша мамандар, атап айтсақ, офтальмолог, гинеколог, терапевт, кардиолог жұмылдырылуы мүмкін.
Клиникалық белгілері
бас аурулары;
бас айналу;
жүректің әлсіз, жиі соғуы (тахикардия);
тершеңдік;
беттің қызаруы;
баста тамыр соғуын сезу;
қалтырау;
үрей;
есте сақтаудың нашарлауы;
ішкі күйзеліс;
ашушаңдық;
жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі;
көз алдында шыбын-шіркейдің көрінуі;
таңертең қабақ пен беттің ісінуі;
саусақтардың ісуі және жансыздануы.
Алғашқы көмек
Егер науқаста «артериалды гипертензия» деген диагнозы болса және ол қандай да бір дәрі-дәрмек қабылдап жүрсе, онда қан қысымы кенет көтерілген кезде (гипертониялық криз) криз кезінде арнайы тағайындалған препаратты беру керек. Егер ондай дәрі тағайындалмаса, күнделікті қабылдап жүрген дәрінің жоспардан тыс мөлшерін беріп, жедел жәрдем шақырту қажет.