Ордабасы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Шолохова Жадыра Урунбайкызы «Ауруларды басқару бағдарламасының бақылау парағын толтыру » бойынша жалпы тәжрибелі дәрігерлер мен мейірбикелерге алған білімімен бөлісті.
Ауруларды басқару бағдарламасы бойынша созылмалы ауруларды емдеуді жақсарту, аурудың асқынуын азайту, аудан тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға команда болып ат салысу керек екені айтылып өтті. Ауруларды басқару бағдарламасына артериялық гипертензия, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі және қант диабеті сияқты аурулар кіреді.
Ауруларды басқару бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі созылмалы аурулары бар ақпараттандырылған, белсенді адамның емхана қызметкерлерімен, яғни түрлі мамандықтағы дәрігерлер мен мейіргерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары және психологтармен – мультитәртіптік командамен тиімді түрде жұмыс жасау. Ауруларды басқару бағдарламасының үздік пациентіне дұрыс тамақтанатын, шылым шекпейтін, салауатты өмір салтын ұстанатын, салмақты бақлайтын, өз артериялық қысымын мен қандағы қант деңгейін бақылап отыратын, дәрі – дәрмектерін тұрақты қабылдайтын пациенттер жатады.АББ созылмалы инфекциялық емес ауруларды (бұдан әрі – СИЕА) басқаруды қамтитындығынан бастайық. Бүгінгі таңда СИЕА дамыған елдер халқының мерзімінен бұрын жоғары өлім-жітімі мен мүгедектігінің жетекші себептері бола отырып, қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың өзекті проблемаларының біріне айналды. Олардың дамуы көптеген қауіп факторларының әсерімен түсіндіріледі, олардың негізгілері жынысы, жасы, темекі шегу, артериялық гипертензия, артық дене салмағы, қандағы қанттың жоғары деңгейі, алкогольді шектен тыс пайдалану, дене белсенділігінің төмендігі (Brownson R.C., 1998). Көптеген эпидемиологиялық зерттеулердің деректері бойынша, жүрек-қан тамырлары және басқа да созылмалы инфекциялық емес аурулардың дамуындағы жоғарыда көрсетілген факторлардың рөлі дәлелденген және даусыз (Р. Г. Оганов, 2007).
Тиісінше, СИЕА-ның даму және өршу қаупі факторларының алдын алу медицина қызметкерлері жұмысының, әсіресе АМСК деңгейінде маңызды бағыты болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық аймағының деректері бойынша СИЕА бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстан Республикасында өлім-жітімнің, сырқаттанушылықтың және мүгедектіктің басты себебі болып табылады. Бұл жағдай Қазақстан үшін СИЕА мәселесін ерекше өзекті етеді.
СИЕА – бұл жүрек-қан тамырлары аурулары (ЖҚА), онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар, психикалық бұзылулар, диабет кіретін созылмалы аурулар қатары.
Алдын алудың негізгі бағыттарының бірі диспансерлеу болып табылады. Диспансерлік есептің тиімділігі қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Егер жоғарыда келтірілген фактілер бойынша: Қазақстандағы профилактикалық қызметтің проблемалары, кемшіліктері туралы айтатын болсақ, диспансеризация, әсіресе қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан түрде, тиімділігі аз болып табылады деп айтуға болады. Осыған байланысты созылмалы инфекциялық емес аурулары бар тұрғындармен жұмыс істеу және алдын алудың жаңа нысандарын іздеу қажет. Мұндай нысандардың бірі АББ.
Ауруды басқарудың американдық қауымдастығының (DMAA) анықтамасына сәйкес Disease Management – халықтың денсаулығын сақтау мақсатында үйлестірілген араласулар мен коммуникациялар жүйесі, бұл жағдайда пациенттің денсаулығын қорғау бойынша күш-жігері елеулі болып табылады.