Ордабасы аудандық орталық ауруханасына қарасты Бөржар МСАК жалпы тәжірибелі дәрігері Шолохова Жадыра Урунбайкызы Ауруларды басқару бағдарламасы бойынша «Инсульттың профилактикасы » тақырыбында емханаға келген қаралушыларға ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Тыңдаушылардың назарына қауіп факторлары, себептері, инсульт кезіндегі алғашқы көмек, емдеу және алдын алу сияқты негізгі сұрақтар талқыланды.
Тұрақты түрде қан-тамырды дәрігерге тексертіп,. өзінің тұрғылықты мекенжайына қарасты емханада скринингтен өтіп тұруы керек. Сонымен қатар дәрігерге жүгініп, тиісті анализдерді тапсырып.
Сондай-ақ күнделікті тұрмыста дұрыс тамақтануды қолға алып,қан-тамырдағы холестеринді азайту керек және ас тұзды күніне 5 грамға дейін шектеу қажет. Дене белсенділігімен айналысу керек екені айтылып өтті.
Жыл сайын инсульт бірнеше миллион жанды о дүниеге аттандырып жатыр. АҚШ-тың өзінде 40 секундта бір инсульт орын алады.
Ал елімізде жыл сайын 40 мың адам инсульт тырнағына іліксе, 5 мыңы алғашқы 10 күнде қайтыс болады. Олардың ішінде 53 % ерлер қауымы болса, 47%-ы әйел адамдары. 41-60 жас аралағындағылар осы дерттің торына түсетін қауіпті топқа кірсе, 61-70 жас одан кейінге орынға жайғасқан. Ал 71 жастан жоғарыларда 28 %, 16-40 жас аралығындағылардың көрсеткіші – 4%.
Инсульт дегеніміз не?
Инсульт ми қан айналымындағы проблемадан туындайды. Геморрагиялық инсульт – ми қантамырының бірінің үзілуі, түйілуі немесе тығындалуы, ал ишемиялық инсульт – тамыр өз қабырғасының тұтастығын сақтағанымен, қанның ағымы тромбымен түйілуіне немесе тығындалуына байланысты тоқтап қалуы.
Екі жағдай да жақсылыққа әкелмейді. Біріншісінде жоғары қысымды көтере алмаған қан тамыры жарылып, ми заттегіне келіп түседі. Құйылған қан миды басып, оны ісіріп, бір бөлігін жансыздандырады. Бұл инсульт көбіне ауыр, депрессиялы күндерден соң тууы ықтимал. Кешкілік бас жарылып кетердей қатты ауырып, заттар қызыл түсті боп көріне бастайды. Лоқсып, құсуға дейін барады. Соққының осындай алғашқы белгілерінен соң, науқаста қимыл-қозғалыс, сезгіштік, сөйлеу қабілеттері бұзылып, естен танып, комадан бір-ақ шығуы мүмкін. Ал ишемиялық инсульт қантамырлардың бітелуіне байланысты жүрек, бүйрек, ми инфарктісіне жеткізеді. Оған әсер ететін факторлардың ішінде стресс, ауа қысымының құбылмалылығы, қажу, шаршау, ішімдік, артық салмақ, қандағы қант деңгейінің көтерілуі бар. Бұл инсульт көбінесе қарт адамдарда кездесіп жатады.
Жалпы, статистикада: инсультке шалдыққандардың 31%-ы арнайы күтімге зәру болса, 20%-ы өздігінен жүруден қалады, тек 8% науқастар ғана ұзақ реабилитациядан кейін қалыпты өмірге оралуы мүмкін екені айтылады. Бір қиыны – инсультті алдын-ала болжау. Қазір күліп отырған адам бірнеше минуттан соң жедел жәрдем шақыруға жағдайы келмеуі мүмкін.
Қандай адамдарда инсультке шалдығу қаупі жоғары?
– Гипертониядан зардап шегетіндер;
– Жүректе дерті барлар (мәселен, жүрек жетіспеушілігі немесе жүрек ырғағының бұзылысы);
– Қант диабетіне шалдыққандар (диабет тамырларға зақым келтіреді, қан құйылу қаупін жоғарылатады);
– Артық салмақтың болуы;
– Белгілі бір препараттарды қабылдау. Олардың кейбірі эстрогеннің деңгейін өзгертеді (мысалы, жүктілікке қарсы дәрі);
– Қимыл-қозғалыстың жетіспеуі;
– Қанда холестерин деңгейінің жоғарылауы;
– Шылым шегетіндер;
– Ұйқы кезіндегі апноэмен зардап шегетіндер;
– Жасы 55-тен асқандар. Осы жастан асқаннан кейін әр он жыл сайын инсультке шалдығу қаупі өсе береді.
– Өкініштісі, инсульт отбасылық дәстүрге ие, яғни жақындары осы ауруға тап болғанның басқа да туысына кесел өтуі ықтимал;
– Ер адамдар, ал әйелдерде инсультке шалдығу көрсеткіші айтарлықтай төмен.
Инсультты дер кезінде анықтай білсе, оның салдарынан туындайтын көптеген проблемалардың жолын кесуге болады. Инсульттан кейінгі 3-6 сағат, яғни «терапиялық терезеде» – медициналық көмектің пайдасы орасан зор. Бірақ, көптеген адамдар инсульттің алғашқы белгілеріне назар аудармай, өте шығатын тағы бір бас ауруы ғой деп қабылдап, маңызды сағаттарын желге ұшырып жатады. Сол себепті, бұл аурудың алғашқы белгілерін білу өте маңызды.