Түркістан қалалық орталық ауруханасының Консултьтативтік-диагностикалық орталығы қала және аудан тұрғындарын күтеді. Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаржыландырудың өсуінің арқасында, Түркістан қалалық орталық ауруханасының консультациялық – диагностикалық орталығына (әрі қарай – ҚДО) жүгінетін тұрғындардың саны артып келеді. Бұл дегеніміз, қызметтердің кең спектрін қамтитын мамандандырылған медициналық көмек: бейінді мамандардың кеңестері, қымбат аспаптық және зертханалық қызметтер қол жетімді болуы.
ҚДО қызметтерін тегін алу үшін МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» әлеуметтік мәртебеге ие болып, жергілікті емханаға тіркелу маңызды. Егер бұл қызметтерді тіркелген емхана өз тарапынан ұсына алмаған жағдайда пациенттердің қалауымен, аймақтық дәрігерлердің жолдамасымен кез келген елді мекеннен, Түркістан қалалық орталық ауруханасының (ТҚОА) ҚДО бөліміне жүгіне алады. Сақтандырылған пациентке қандай да бір қымбат ҚДО көрсетуден бас тарту – заңға қайшы, бірақ дәрігердің негізсіз көрсеткішдерінсіз немесе пациенттің өз қалауы бойынша жолдама бере алмайтынын түсінуіңіз керек.
Ауруханамыздың ҚДО бөлімі 20 дан аса бейінді мамандардың қызметін ұсынады:
– Интервенциялық кардиолог,
– Кардиолог,
– Ангиохирург,
– Оториноларинголог,
– Сурдолог,
– Офтальмолог,
– Травматолог – ортопед,
– Уролог – андролог,
– Акушер – гинеколог,
– Проктолог,
– Дерматовенеролог,
– Пульмонолог,
– Нефролог,
– Невропатолог,
– Инфекционист.
Сондай-ақ, аспаптық, зертханалық зертеулердің барлық спектрі:
– Рентгенологиялық зерттеу,
– КТ,
– УЗИ,
– ФГДС,
– Видеоколоноскопия,
– ЭХОКГ,
– Видеотрахеобронхоскопия,
– Спирография,
– Аудиография,
– ЭЭГ,
– Офтальмоскопия,
– Пикфлоуметрия т.б. диагностика түрлерін жүргізу арқылы диагноз қою, емдеу тактикасын анықтау және ауруханаға жатқызу мәселелері бойынша амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді.
Консультациялық-диагностикалық қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы толығырақ келесі телефон нөмерлірене арқылы ала алсыз: 8-775-365-26-43; 8-775-128-80-95.