Бүгін Арыс аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында орта буын және кіші буын қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді. Бүгінгі семинар сабағын Арыс аудандық орталық ауруханананың қабылдау бөлімінің аға мейірбикесі Шынтасова Орынкул Медеуқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021ж 02 сәуірдегі №ҚР ДМС-27 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында стационар жағдайларда қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты» бұйрығы бойынша оқыды.
Осыған дейін, Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Баланың дамуын бақылау » кабинетіне жауапты мейірбике Н.Ә.Шынарбекова аналарға арнап семинар өткен болатын.
3-4 жасар балалардың және қыздардың дамуы. Психоэмоционалды және психофизикалық дамуына бақылау жүргізілді. Бақылау нәтижесінде: 3 жасар баланың түсті ажырата алмауы және 3 жасар баланың телефонды шамадан тыс көп көруіне байланысты анық сөйлей алмауы анықталды. Апасының ұсынысымен Логопед көмегіне жүгінгісі келетіні бойынша өтініш жасады. Алдағы уақытта Пндиатрларға хабар беріліп,базаға енгізіліп,жұмыс жасалатын болады.
Үш жас ерекшелігі-бұл, ең алдымен, баланың жеке басы мен оның айналасындағы адамдар арасында болатын қарым-қатынастарға шақырулар болып табылады. Бұл кезең ересектер баланың дербес болуға деген ұмтылысын елегісі немесе байқағысы келмей, баланың белсенділігін, бастамасын тежеп, қарым-қатынастың авторитарлық түрін жөн көрген кезде ғана ауыр болады.
Өмірінің үшінші жылының соңында бала өзін жеке адам ретінде ашып, басқа адамдардан бөлек өзінің әртүрлі тілектер мен әрекеттерін сезініп, өзі пайдалана алатын ерікке ие екенін түсіне бастайды. Осы кезеңде онда ерік білдіруге деген ұмтылыс пайда болып, өз қалауын ересектердің қалауына қарсы қоя қойып, талап етуге тырысатын болады. Сонымен бірге ол заттар мен адами қатынастар әлемін өзгерте алатынын және өзінің іс-әрекеті мен қиялын басқарып, өз күшінің, тәуелсіздігінің артып келе жатқанын сезініп, үлкендердің шектеулеріне тікелей қарсылық білдіре бастайды және және барлық жерде өзінің пікірін қалыптастыруға тырысады. Үш жасқа таман бала «Мен өзім» деген сана қалыптасады. Екі жарым-үш жарым жас аралығындағы балаларға кейде «негативизм сатысы «немесе»алғашқы ересектену» деп аталатын белгілер тән болады.Мамандардың пайымдауынша, 5 жасқа дейінгі балаларға ұялы телефон түгіл, теледидар да қарауға болмайды. Аталған кезеңде жеткіншектердің дене мүшелері қарқынды дамитындықтан, оның кері әсері көп болады.