Кентау қалалық емханасында аймақтық дәрігерлер мен мейірбикелер және дәрігерлер арасында емханамыздың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Б.Бердисугурова иммунолог дәрігері Г.Кипчакбаева және эпидемиолог дәрігері Ғ.Кенжеғұловтың қатысуымен “Қала бойынша профилактикалық егулердің қамтылуы және екпенің маңызы”, “Қызылшаның алдын алу” тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Қызылша – ауа жолы арқылы өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі. Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе қызылшаға қарсы екпе салдырмаған адам қызылшамен ауырған адаммен байланыста болса, жұқтырып ауырып қалу мүмкіндігі өте жоғары.
Белгілері: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, жөтел, мұрыннан су ағуы тамағы ауырып Кейінірек конъюнктивит – көздің шырышты қабығының қабынуы, қызарып жасаурап денеде қызыл бөртпелер пайда болады яғни жоғарыдан төмен қарай бас бөлігінен бастап денеге қолға-аяқтарға қызыл бөртпелер шығады.
Ендеше, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейікБалалардағы қызылша белгілері. Инкубациялық кезең (инфекциядан аурудың алғашқы көріністеріне дейін) 7-ден 17 күнге дейін созылады. Қызылша тұмау түрінде көрінетінін білу маңызды: бас ауруы, тамақ ауруы, жөтел және мұрыннан су ағу пайда болуы мүмкін, сонымен қатар дене температурасы аздап көтерілуі мүмкін. Қызылшаның негізгі белгісі -тістердің түбінде аузында ерекше бөртпенің пайда болуы. Ауру барысында жөтел жиілейді, дене температурасы біртіндеп жоғарылайды және 40°белгісіне жетуі мүмкін.
Дәрігер науқастың клиникалық көріністері мен шағымдары бойынша диагноз қоя алады.
Балалардағы қызылшаны емдеу. Балаларда диагноз қойылған қызылша жағдайында емдеу көп жағдайда үйде өтеді. Егер ауыр болса, науқас ауруханаға жатқызылады. Сондай-ақ, қызылшаның асқынуы бар немесе үй жағдайлары тиісті күтімді ұйымдастыруға мүмкіндік бермейтін балалар ауруханаға жатқызылады. Міндетті ауруханаға жатқызу 1 жасқа дейінгі балалар мен жабық балалар мекемелеріндегі балалар үшін қолданылады. Қызылшамен ауыратын балаға нақты емдеу қажет емес. Бірақ төсек демалысы мен гигиенаны сақтау керек. Сондай-ақ, науқасқа көп мөлшерде су ішу, дәрумендерге бай тағам көмектеседі.Антибиотиктер, әдетте, қолданылмайды. Олар асқынуға күдік туындаған кезде тағайындалады.