Халыққа медициналық қызмет көрсету стандарттарына сәйкес Бәйдібек аудандық орталық ауруханадан ашылған инсульт орталығының жұмысы қарқынды. Инсульт ауруына шалдыққан науқастарға осы орталықта сауықтырудың бірінші, екінші кезеңдік дәрігерлік көмегі көрсетіліп келеді. Инсульттің ишемиялық түрінде тромболизистік ем қолданылады. Геморрагиялық түрінде түрлі бас миына оталар жасалады.
Орталықтағы инсульттың алдын алу және емдеу үшін аса қажетті заманауи компьютерлі томограф аппараты орнатылған. Компьютерлі томограф аппараты адамның ағзасындағы қан-тамыр жүйесін толықтай зерттеуге мүмкіндік береді. Енді ауданындағы ауылдық, елді мекен тұрғындарының облыс орталығы мен басқа да қалаларға барудың қажеті жоқ. Орталықта науқастардың ауру деңгейін анықтайтын компьютерлі томограф аппараты тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсететін болады. Медицина мамандарымен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.
МӘМС жүйесі енгізілгелі бері аудан, оның ішінде ауыл медицинасына қосар үлесі қомақты болды. Өйткені, жүйенің басты қағидалары науқасты қолжетімді, әрі сапалы медициналық көмекпен қамту. Осы қағиданың мақсат еткен Бәйдібек аудандық орталық ауруханасында бірқатар жұмыстар жасалып жатыр. Бәйдібек аудандық орталық ауруханасында жыл басынан инсульт орталығы науқастарды қабылдап, дертіне дауа іздегендерге дер кезінде көмек көрсетіп жатыр. Орталықта тәжірибелі мамандар науқастарға неврологиялық көмек көрсетеді. Айта кетерлігі, орталықта жүйке жүйесі аурулары бар және жедел инсульт алған науқастарды компьютерлік томограф аппаратына түсіріп, анықталған инсульттің түріне қарай медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, орталықта инсульт ауруына шалдыққан науқастарға сауықтырудың бірінші, екінші кезеңдік медициналық оңалту шараларыда ұйымдастырылады. Инсульттің ишемиялық түрінде тромболизистік ем қолданылады. Геморрагиялық түрінде түрлі бас миына оталар жасалады. Бұрын соңды ауданғ ауыл, елді мекен тұрғындары компьютерлі томограф аппаратына түсу үшін Шымкент қаласына баратын еді. Ауруханаға компьютерлі томограф аппараты орнатылғалы бері МӘМС аясында тәулік бойы науқастарға қызмет көрсетіп жатыр. Компьютерлі томограф аппараты инсульттің алдын алу және емдеу үшін аса қажетті, сондай-ақ, адамның ағзасындағы қан-тамыр жүйесін толықтай зерттеуге мүмкіндік береді. Мұнан бөлек, Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы дәрігерлерінен жасақталған жылжымалы медициналық диагностикалық кешен шалғай ауыл- аймақтарға барып халықты профилактикалық тексеруден өткізеді. Профилактикалық тексеру ауруды алғашқы сатысында анықтауға бағытталған. Жылжымалы кешенде невропатолог, хирург, лор, эндокринолог, психолог, офтальмолог, стоматолог, жалпы тәжірибелі дәрігер мамандары қарап тексерсе, жылжымалы рентген аппараты ауыл халқын флюорографиялық зерттеуден өткізді. Кешен жылына 25 елді-мекенге барып, шамамен жылына 25000-30000 халықты МӘМС аясында тегін профилактикалық тексеруден өткізеді.