Нейрохирургия — медицинаның ең күрделі салаларының бірі. Себебі ол адамның орталық жүйке жүйесінің, жұлынның және қан тамырларының патологияларын айқындаумен және емдеумен айналысады.
Қазір ауру жас талғамайды. Әсіресе жастар арасында инсульт көп. Орта жастағылар арасында да жұлын, омыртқа аурулары жиі кездеседі. Нейрохирургтің айтуынша, дұрыс тамақтанбай, қимыл-қозғалыстың аздығынан болатын түрлі аурулар салдарынан жұлын-омыртқа отасын жасататын науқастар қатары көбейіп барады. Аурудың пайда болуына психологиялық факторлар да әсер етеді.
Келес аудандық ауруханасына жаңа нейрохирургиялық аппарат алынды. «Электрокраниотом» атты аппаратпен алғаш рет аудандық ауруханда бас мидың ауыр жарақатымен түскен науқасқа күрделі ота сәтті жасалып келеді. Күрделі отаны аурухананың белгілі нейрохирург дәрігері Ғалымжан Берданов өткізген еді.
«Аталған аппараттың артықшылығы ота уақытын едәуір қысқартып, науқастың ертерек аяққа тұруына жол береді. Мұндай ота бұрын тек облыс деңгейінде жасалатын болған. Науқас ауыр халде кома жағдайында түскен, алдын ала емдік — диагностикалық әрекеттерден кейін отаға алынды. Бас миынан көп көлемде ұйыған қан алынып, ота сәтті өтті» — дейді Келес аудандық ауруханасының нейрохирург дәрігері.
Алдағы уақытта аудан халқының денсаулығын қорғау мақсатында бұдан өзге заманауи құрал саймандармен қамтамасыз ету жалғасады.Медицинадағы нейрохирургия саласының дамуы тікелей инновацияға байланысты. Сондықтан еліміздегі денсаулық сақтау мекемелерін жаңа технологиялық құралдармен қамтамасыз етуге тікелей көңіл бөлінуде. бүгінде клиникада мидың және бас сүйегінің іргесінің жетуі қиын ісіктерін нейрохирургиялық емдеудің заманауи аз инвазивті технологиялары қолданылады (37 мыңнан астам операция жасалды); жоғары дәрежелі глиомаларды жою кезінде флуоресцентті навигация (100-ден астам операция жасалды); ояу кезіндегі операциялар (Awake) (30-дан астам операция жасалды), сондай-ақ 600 пациент стереотактикалық радиохирургиялық ем (гамма-пышақ) және басқа да жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері жүргізіледі.