basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

Ақпан 2, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ ӨТЕДІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Дүниежүзілік қатерлі ісіктің алдын алу күніне орай 3 ақпаннан бастап, ай соңына дейін Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық онкологиялық орталықта және аудандық емханаларда Ашық есік күндері өтеді. Онда дәрігерлер ақысыз тексеру жүргізіп, кеңес береді. Ондағы мақсат – қатерлі ісік ауруларының алдын алу, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, скринингтік тексерулер кезінде онкологиялық ауруларды ерте анықтау: білім деңгейін арттыру арқылы ауруға қарсы сақтықты қалыптастыру.
Бұл туралы Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас дәрігер-онкологы Бауыржан Бертаев брифингте мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық клиникалық ауруханасындағы Онкологиялық орталықта бүгінгі таңда 10 010 науқас диспансерлік есепте. 2022 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6%-ға өскен.
Жыл сайын 4 ақпанда Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні атап өтіледі.
– Түркістан облысында 2023 жылы қатерлі ісіктерді ерте анықтау бойынша жалпы скринингтік жоспар 100%-ға орындалды. Қатерлі ісіктің алдын алу үшін скринингке көпшілік мән бергені жөн. Егер дер кезінде уақытылы тексеруден өтіп, ем алатын болса қатерлі ісікті емдеу көрсеткіші жоғары болады. Сондықтан барша облыс тұрғындарын ашық есік күнінде белсенді болуға шақырамыз. Емдік шараға кез-келген Түркістан облысының азаматтары мен қонақтары жолдамасыз, тегін, әлеуметтік сақтандырусыз жүгіне алады, – деді Бауыржан Бертаев.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан №3 Клиникалық-диагностикалық бөлімшенің меңгерушісі Рахим Абдурасулов қатерлі ісікке шалдыққандар ішінде сүт безі және өкпе обыры, жатыр мойны қатерлі ісігі, тоқ ішек обыры жиі кездесетінін айтты. 2023 жылдың 5-қазан күні ҚР Үкіметі онкологиялық аурулармен күресудің 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдаған. Осыған сәйкес, екпені егде жастағы қыздарға кезең-кезеңімен енгізу және 11 жастағы қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау енгізу жоспарлануда.
АПВ-ға қарсы вакцина – қауіпсіз және жанама әсерлер тудырмайды. Ол 100-ден астам елде жүзеге асырылуда.
Жатыр мойны обырының дамуының себебі – адам папилломавирусы екені бұрыннан белгілі. Бұл аурудың алдын алудың жалғыз және тиімді әдісі – вакцинация. Біздің елде егу науқаны 2024 жылдың екінші жартыжылдығынан басталады.

Previous Post

НЕ СЕБЕПТІ БЕЙІНДІ МАМАНҒА ТЕРАПЕВТ АРҚЫЛЫ БАРУЫМ КЕРЕК?

Next Post

Түркістан: Білікті травматолог – ортопедтері жаңа технологияларды қолдана отырып, аяқ буындарына эндопротез орнату арқылы "пациенттерді аяғына тұрғызуда"

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі