basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Білікті травматолог – ортопедтері жаңа технологияларды қолдана отырып, аяқ буындарына эндопротез орнату арқылы «пациенттерді аяғына тұрғызуда»

Ақпан 2, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Білікті травматолог – ортопедтері жаңа технологияларды қолдана отырып, аяқ буындарына эндопротез орнату арқылы «пациенттерді аяғына тұрғызуда»
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Пациенттерді емдеудегі инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, Түркістан қалалық орталық ауруханасының травматолог – ортопед дәрігерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде алғаш рет жамбас буынын эндопротездеу отасын 42 және 64 жастағы пациенттерге сәтті өткізді.
Жамбас буынының эндопротездеуі – бұл буынның жоғалған функциясын қалпына келтіруге және сау буынның анатомиялық формасын қайталайтын имплантқа ауыстыру арқылы ауырсыну синдромын жойып, адамды әдеттегі өмірге қайтаруға мүмкіндік беретін ота. Ауру немесе жарақат салдарынан буын қатты бұзылған және консервативті емдеу жеңілдік бермейтін жағдайларда, эндопротездеу тиімді және жалғыз әдіс болып табылады. Ота алдында әр пациент арнайы тексеруден және операция алдындағы имплантты таңдаудан өтеді. Операцияда травматологтар АҚШ – та өндірілген титан қорытпасынан жасалған жамбас буынының заманауи эндопротездерін қолданды. Соңғы технологиялардың арқасында қазіргі заманғы эндопротездер өте жоғары беріктікке және биоүйлесімділікке ие, және адамға 10 жылдан 30 жылға дейін қалыпты қозғалыс белсенділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта хирургиялық емдеуден кейін пациенттер белсендіріліп, оңалтудың бірінші кезеңінен өтуде. Науқастар ауырсынуды ұмытып, белсенді өмірге оралатынына дәрігерлер кәміл сенімді.
Бүгінгі таңда Түркістан қалалық орталық ауруханасы облыстың ең ірі және ең көп жабдықталған көпсалалы ауруханаларының бірі, онда тәулік бойы медициналық көмек көрсететін травматологиялық бекеттің болуымен травматология және ортопедия саласындағы күрделі оталардың тәжірибеге енгізілуі, осы көмекті жетілдірудегі үлкен қадам деп есептейді аурухана әкімшілігі.
Қала және аудан тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында, алдағы уақытта жамбас буынының эндопротездеу оталарын көбейтіп, тізе буындарын эндопротездеу және тағы тірек – қимыл аппараты патологияларын емдеудегі жаңа инновациялық түрлерін енгізу жоспарлануда.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ЕМХАНАЛАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТЕДІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі