Дүние жүзілік қатерлі ісіктің алдын алу күніне орай 3 ақпан күні облыстық онкологиялық орталықта және аудандық емханаларда Ашық есік күндері және 7 ақпан күні облыстың онколог және маммолог мамандарына Облыстық клиникалық ауруханасында «Қатерлі ісік ауруларының заманауи диагностикасы мен емі» атты ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылады. Ашық есік күніне кез келген Түркістан облысының азаматтары мен қонақтары жолдамасыз, тегін, әлеуметтік сақтандырусыз жүгіне алады.
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының Облыстық клиникалық ауруханасы Онкологиялық орталығында 10010 науқас диспансерлік есепте тұрады (2022 жылы 9435 науқас). Былтырғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6% өскен.
Қатерлі ісікпен сырқаттанушылық құрылымында:
1. Сүт безі обыры
2. Өкпе обыры
3. Жатыр мойны қатерлі ісігі.
4. Тоқ ішек обыры
Қатерлі ісіктен өлім-жітім 2023 жылы 810 науқас көз жұмды (2022 ж. – 879 науқас), өлім-жітім 13,6%-ға төмендеді. Қатерлі ісіктің 0-І сатысын ерте диагностикалау көрсеткіші 2023 жылы 21,1 %-ға өсті (2022 жылы – 18,9%)6 ал III, IV кезеңдердің көзге көрінетін локализациясының кең тарағанжәне асқынған қатерлі ісіктерінің көрсеткіші 17,2 % төмендеп, 9,3 %-ды (2022 ж.– 11,3 %) құрады.
Осы бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар:
Скрининктік тексерістер – Түркістан облысында 2023 жылдың 12 айында қатерлі ісіктерді ерте анықтау бойынша жалпы скринингтік жоспардың орындалуы 100% құрап отыр.
1. Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған скрининг бойынша жоспарлы қамту 100% құрады (56957 әйел тексерілді).
Ісік алды жағдайларды анықтау – 6% (3428 жағдай). 27 жағдай жатыр мойны обыры анықталды, оның ішінде 10 әйел 1 сатыда, 16 әйел 2 сатыда анықталды.
2. Сүт безі обырын ерте айқындауға арналған скрининг бойынша жоспарлы қамту 100% құрады (61846 әйел тексерілді). 87 сүт безі обыры анықталып, оның ішінде ерте сатысында анықталған 65 әйел (75%).
3. Колоректалды обырды ерте айқындауға арналған скринингтік қамту 100% құрады (69775 адам тексерілді). Ісік алды жағдайларды анықтау – 32%(182 жағдай). Тоқ ішек қатерлі ісігінің 10 жағдайы анықталды, 10 ауру ерте сатысында (1 кезең) анықталды.