basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК: МӘМС АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ШЕГІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘМСҚ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Ақпан 3, 2024
in Жаңалықтар
0
ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК: МӘМС АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ШЕГІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘМСҚ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталында МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды төлеу қажет болатын табыстың ең жоғары мөлшерін бес есе ұлғайтуды ұсынған заң жобасын дайындап, жариялады. Жоба талқылау үшін ашық жарияға ұсынылған.
Осыған орай Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ықтимал өзгерістер бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер берді.
Бұл нені білдіреді?
МӘМС енгізудің бастапқы кезеңінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен аударымдар жүргізілуі мүмкін қызметкердің табысы бойынша жоғарғы шек көзделген. Оның мөлшері бүгінгі күні 10 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) аспайды. Яғни, жарналар тек 850 мың теңгеге дейінгі табыстан алынуы мүмкін. Жоғарыдағы кірістен жарналар жасалмайды.
Не өзгереді?
Әділдік қағидатын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап жоғарғы шекті ЕТЖ мөлшерінен 10-нан 50 есеге дейін арттыруды ұсынды. Зейнетақы жүйесі де осы қағида бойынша жұмыс істейді, онда жоғарғы шегі ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерін құрайды.
Кіріс бойынша жоғарғы шекті не үшін көтеру қажет?
Бүгінгі таңда МӘМС-тің қазақстандық моделінде қаражатты регрессивті бөлу қолданылады. Яғни, табыс неғұрлым аз болса, кірістің пайыздық үлесі соғұрлым жоғары. Әділ жүйеде табысы төмен адамдар табысы жоғары адамдардан артық төлемеуі керек. Сондықтан ұсынылып отырған норма – жоғарғы шекті 50 ЕТЖ дейін ұлғайту – денсаулық шығыстары үшін жауапкершілікті неғұрлым әділ бөлуді көздейді.
Егер сандармен сөйлесек Қазір: Орташа жалақысы 300 мың теңгені құрайтын қызметкерлер МӘМС-ке 6 мың теңге жарна төлейді. 1,5 млн теңге кіріс жағдайында, ал бұл орташа еңбекақыдан 5 есе жоғары, 10 ЕТЖ (850 мың теңге) көлемінде жоғарғы шек іске қосылады, сондықтан жарна 17 мың теңге, немесе кірістің 1,1%-ынан аспайды. 3 млн теңге кірістен, ал бұл орташа еңбекақыдан 10 есе жоғары, МӘМС-ке жарна сол секілді – 17 мың теңге, немесе кірістің 0,6% мөлшерінде қалады. Өзгерістен кейін: 2024 жылға арналған ЕТЖ көлемі есепке алынып жоғарғы шек 4,2 млн теңгені құрайды. Кіріс жоғары болған сайын, жауапкершілік те жоғарылайды.
Бұл шара қанша қазақстандыққа әсер етеді?
Табысы 4 млн 250 мың теңгеден асатын тек 2,3 мың қызметкер үшін ғана МӘМС-ке жарналар бес есе артады. Бұл елдегі барлық жалдамалы жұмысшылардың 0,04% құрайды.
Жалпы, бұл норма 850 мың теңгеден астам табысы бар жалдамалы қызметкерлердің 9%-ына әсер етеді. Жұмысшылардың 91%-ы үшін ештеңе өзгермейді.
Қарапайым қазақстандықтарға мұның қандай пайдасы бар?
Аударымдарды ұлғайту денсаулық сақтау шығыстарын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұған алдын алу, диагностика және емдеу кіреді. Медициналық қызметтер қол жетімді болады, технологияларды енгізу аурудың ерте кезеңдерінде алдын алуға немесе өмірді сақтауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні денсаулық сақтау жүйесі әлі де жеткілікті қаржыландырылмау мәселесіне тап болып отыр, бұл жалпы медициналық көмекті ұйымдастыруға, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне, сондай-ақ жалпы денсаулық сақтау жүйесі мен МӘМС-тің қаржылық тұрақтылығына теріс әсер етеді.
📌 Егер сіздің тағы да сұрақтарыңыз болса немесе медициналық көмек алуда қиындықтар туындаса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз:
· fms.kz ресми сайты,
· Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
· Telegramдағы SaqtandyryBot.
Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

Previous Post

ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ КЕЛІҢІЗДЕР!

Next Post

Түркістан облысы: Медициналық көмекті қаржыландыру туралы 2023 жылғы есеп: ана мен баланы қорғауға МӘМС-тен қанша қаражат жұмсалды?

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі